423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Назар аударыңыздар! Бірқатар өңірде көктайғақ күтіледі

  • 207
  • UPD: 11:58, 29.10.2020
Назар аударыңыздар! Бірқатар өңірде көктайғақ күтіледі ELnews.kz

29 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жауын-шашынның түсуіне және аяз болуына байланысты көктайғақ болады.

Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары, сондай-ақ көше жарақаттары: соғылу, шығып кету және сыну қатерлері ұлғаяды.

Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге жол қозғалысы кезінде абай болып, төмен жылдамдықты сақтауды және сақ болуды ұсынады. Жаяу жүргіншілер жолдан өткен кезде өте мұқият болуы керек, асығуға немесе жүгіруге болмайды.

Көктайғақ кезінде азаматтарға тайғанамайтын табаны бар аяқ киім кию ұсынылады.

Хабар 24 телеарнасы