419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ел өңірлерінде дауыл күтіледі

  • 148
  • UPD: 23:22, 26.11.2020
Ел өңірлерінде дауыл күтіледі

«Қазгидромет» РМК 27-28 қарашада ел өңірлерінде қолайлыз ауа райы күтілетінін хабарлайды.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Дауылды алдын алу ықтималдығы: 85-90%.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

28 қараша күні таңертең және күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

27-29 қарашада кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі.

28 қарашада кей жерлерде бұрқасын күтіледі.

27-28 қарашада күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Екпіні кей жерлерде 15-20 м/с құрайды.

28 қарашада екпіні 23-28 м/с жетеді. 27 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан таңертең және күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Өскемен, Риддер, Жаңа Бұқтырма қалалары бойынша 27 қарашада сағат 21:00-ге дейін екінші дәрежелі қолайсыз метеожағдайлар сақталады.

Хабар 24 телеарнасы