419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің алты облысында дауылды ескерту жарияланды

  • 164
Еліміздің алты облысында дауылды ескерту жарияланды

Желтоқсанның алғашқы үш күнінде еліміздің басым бөлігінде аязды, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Мамандар бұған моңғол анти-циклоны әсер етіп жатқанын айтады. Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыста қар жауады. Ал бүгін алты облыста дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Атырау өңірлерінде жел екпіні күшейіп, боран соғатынын хабарлады. Кей жерлерде тұман тұрып, көктайғақ болады. Мамандар дауылдың ықтималдығы 90 процент деңгейінде екенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы