419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғалымдар: Коронавирус ақыл-ой қабілеттерін төмендетуі мүмкін

  • 125
  • UPD: 12:28, 01.12.2020
Ғалымдар: Коронавирус ақыл-ой қабілеттерін төмендетуі мүмкін

Көбінесе коронавирус адамның тыныс алу жүйесіне әсер етеді.

Алайда неміс ғалымдарының зерттеуі бойынша егер адам мұрын арқылы вирустық бөлшектерді жұтып қойса, оның миға да енуі мүмкін екенін білді. Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

«SARS-CoV-2 коронавирусы тыныс алудың бұзылуын ғана емес, сонымен қатар неврологиялық проблемаларды да тудырады», — делінген хабарламада.

Мысалы, расталған диагнозы бар әрбір үшінші пациент иіс немесе дәм жоғалту, бас ауруы, шаршау, бас айналу және жүрек айну сияқты белгілер туралы хабарлайды. Зерттеушілер коронавирустан қайтыс болған 33 дененің аутопсиясын жасап, мұрынның артындағы шырышты, сондай-ақ ми тінінің үлгілерін зерттеді.

«Коронавирустың генетикалық материалы мұрын шырышты қабығында көп мөлшерде болды, бірақ вирустан пайда болатын және адамның рецепторлары жасушаларды жұқтыратын SARS-CoV-2 тікенді ақуыздары да мида табылды», – дейді ғалымдар.

Қан-ми тосқауылынан өтіп, вирус миға қалай енетіні әлі белгісіз. Ол нейроннан иісті жүйке нейронына ауысады. Алайда оның өмірлік маңызды функцияларды басқаратын ми аймағында болуы пациенттердегі көптеген белгілерді түсіндіреді және тіпті ақыл-ой қабілетінің әлсіреуіне себеп болуы мүмкін. 

Хабар 24 телеарнасы