420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19 жұқтырған науқастар үшін қауіпті күн аталды

  • 122
  • UPD: 14:23, 02.12.2020
COVID-19 жұқтырған науқастар үшін қауіпті күн аталды

Әдетте, коронавирус алғашқы аптада жеңіл және орташа ауырлықта өтеді.

Коронавирустың асқынуы аурудың 9-10-ыншы күндеріне сәйкес келуі мүмкін. Бұл туралы дәрігер Андрей Пеньков айтты, деп хабарлады lb.ua.

Оның айтуынша, аталған уақытта көбінесе ауруханаға жатқызу қажеттілігі туындайды.

«Цитокиндік дауыл аурудың бірінші аптасынан кейін басталады, көбінесе осы уақытта ауруханаға жатқызу қажет. Аурудың 9-10-шы күні ентігу, жедел респираторлық дистресс синдромы пайда болады. Бірақ бұл – бактериялық процестер емес, иммундық жүйенің гиперреакциясы», - деді дәрігер.

Хабар 24 телеарнасы