427,01 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Телефонды жақын ұстап ұйықтау қауіпті ме?

  • 342
  • UPD: 11:19, 14.12.2020
Телефонды жақын ұстап ұйықтау қауіпті ме?

Ұйқы кезінде смартфонды төсек жанына жақын ұстау зиянды ма?

Мамандардың айтуынша, смартфонның сәулеленуі адам ағзасына айтарлықтай әсер ететіндігі туралы ғылыми дәлелдер жоқ. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) 2014 жылғы қорытындысында кез келген аурудың даму қаупінің жоғарылауы мен мұндай гаджетті қолдану арасында статистикалық тұрғыдан сенімді байланыс жоқ», – дейді сарапшылар.

Түнде телефонды төсек жанында ұстаудың еш жаман әсері жоқ.

Алайда төсекте жатып смартфонның экранына ұзақ уақыт қарауға болмайды. Өйткені бұл көру қабілетіне зиянды. Телефонды түнгі режимге ауыстыру көздің ауырсынуын азайтады, бірақ ол оны мүлдем жоймайды.

Сондай-ақ түнде телефонмен әуестену ұйқының бұзылуына әкелуі мүмкін. Сондықтан ұйқыдан бір сағат бұрын смартфонды біржола өшіріп қою керек.

Хабар 24 телеарнасы