Алдағы тәуліктерде республиканың солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс аймақтарында боран соғып, жел күшейеді.
Қазгидромет мамандарының болжауынша, Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20, түнде 23-28 метр секунд шамасында болады.
Түркістан, Қарағанды, Жамбыл және Батыс Қазақстан облысында тұман түседі. Ал Маңғыстау мен Алматы облысында көктайғақ сақталады.