429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

31 желтоқсанда ауа райы қандай болады

  • 376
  • UPD: 11:40, 28.12.2020
31 желтоқсанда ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» 29-31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

«Қазақстан аумағында атмосфералық процестер жылдам ауысуы мүмкін. Жылу мен ылғалдың мол қорымен Атлантикалық циклон Қазақстанның басым бөлігінде қардың мол түсуіне, бұрқасын соғып, желдің күшеюіне және ауа температурасының қысқа мерзімді көтерілуіне әкеледі.

Бірақ 30 желтоқсанда циклонның артынан Арктика аудандарынан суық ауа массаларының басып кіруі күтіледі, онымен жауын-шашынның біртіндеп тоқтатылуы және ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі мүмкін», - делінген хабарламада.

Солтүстікте түнгі уақытта ауа температурасы 30-38 градусқа дейін төмендейді. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы