365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтар неге банктен қарыз алуға құмар?

  • 497
  • UPD: 11:11, 04.09.2018

«Қазақстандағы тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» ашылған 80 мың депозит 10 жасқа дейінгі балаларға тиесілі. 55 мың есепшот 18 жасқа дейінгі жасөспірімдердің атына ашылған. Бір жасқа дейінгі 10 мың бөбектің де аталған банкте депозиті бар. Мамандар, әсіресе, күз маусымында өтініштер жиі түсетінін айтады. 14 жасқа дейінгі балалар үшін депозитті ата-аналары ашады, одан кейін жеткіншектердің өздері өтініш қалдыра алады. Елімізде 18 жасқа толған әрбір салымшы пәтер алуға құқылы.

Қазақстандықтар неге банктен қарыз алуға құмар? Ресми дерекке сүйенсек, несие алып уақытында қайтармаған берешек көлемі 700 млрд теңгеге жетті. Борышкерлердің берешегіне қарамастан қаржы ұйымдары шағын және орта бизнесті қолдауға дайын.

 Қайтарылмаған банк несиесі – 700 млрд теңге

Екінші деңгейлі банктерден несие алып, межелі уақытта қарызын қайтармаған қазақстандықтардың берешегі 700 млрд теңгеге жетті. Бұл жайында Ұлттық банк хабарлайды. Қазір жеке тұлғалардың қарызы 4 жарым миллиарды теңгені құрайды. Бұл – банк секторындағы қарыз портфелінің 33,7 пайызы. Ресми деректерге сүйенсек, 4 миллионнан астам қазақстандық қарыз алған. Сондай-ақ басқарушы банк микроқаржы секторы бойынша жеке есеп жүргізген. Нәтижесінде мұндай қаржы ұйымдарына 306 тұрғын жалпы сомасы 188 млрд теңге берешек болып шықты.

Банктер шағын және орта бизнесті қолдауға дайын

Еліміздің 7 бірдей қаржы ұйымы шағын және орта бизнесті қолдауға дайын. Себебі, жыл сайын саланың қарқын алғанын аңғаруға болады. Оған дәлел өткен жылмен салыстырған шағын компаниялардың үлесі 9,7 пайызға өскен. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың көрсеткіші де көңіл көншітеді. Олардың 56 пайыздан астамы өз өнімдерін шығарып отыр. Бұл ретте жаңа стартап жобаларын атап өткен жөн. Өйткені шағын бизнесте олардың үлесі 18,1 пайыздан асты.

Өкінішке қарай, орта бизнес өкілдері «асықпаған арбамен қоян алады» дегенді ұстанатын секілді. Өйткені бір жылдың ішінде компаниялар санында өзгеріс жоқ. Қазір осы салада 6 мыңнан астам кәсіпорын бар.

Нарықтағы компаниялардың 97,3 пайызы қарқынды жұмыс жүргізсе, тек 1 пайызы ғана өз жұмысын жаңа бастағандар. Қалай десек те орта бизнестің 6 мыңға жуық компаниясы мен шағын бизнестің 200 мың кәсіпкері қаржылық қолдауға мұқтаж. Сондықтан еліміздегі екінші деңгейлі 7 банк экономиканың драйвері санаталатын салаға қаржы құюға дайын.

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтайды

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтады. Бұл туралы ақпар қаржы ұйының сайтында жарияланды. Онда өтімділікті беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлемелер тиісінше 10% және 8% деңгейлерде сақталды. Онда ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі мен базалық мөлшерлеме 9 % деңгейінде сақталғанын атап өтті. Осылайша Қазақстан Ұлттық банкі басшысының айтуынша, инфляцияның 2019 жылы 4-6%-дық болжамды дәліздің жоғары шегіне жақын болуы және 2020 жылдың соңында 4%-дан төмен дәлізден асып кетуі мүмкін.

Балалар депозитін ашқандар саны артты

Қазақстанда балалар депозитін ашқандардың саны артты. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» балалар депозитіне деген сұраныс артып келеді. Ұл-қызының атына шот ашқан ата-аналардың саны қазір 145 000 болып отыр. Ал бір жыл бұрын банкте 133 000 балалар депозиті бар еді. Банктегі балалар депозиті бойынша ең үлкен жинақ сомасы 10 млн теңгені құрады. Салымдар санына қатысты алғанда 1-10 жас аралығындағы балалардың атына ашылған шоттар үлесі басым. Барлығы 80 000 депозит осы жас тобындағы клиенттерге ресімделген. Екінші орында жалпы саны 55 000 депозиті бар 10-18 жас аралығындағы салымшылар тұр. Үшінші орын банктің ең кішкентай клиенттері 1 жасқа дейінгі балалардың еншісінде. Олардың атына барлығы 10 000 депозит ашылған.

Жыл сайын мұндай депозиттер күзде балалар мектепке барғанда кезде жиі ашылады. Дәл осы уақытта ата-аналар ұл-қыздарының өсіп келе жатқанын түсіне отырып, олардың болашағына қаржылай көмек көрсетуді қолға алады. Отбасылық бюджетке бұл аса қатты әсер ете қоймайды, есесіне кейін балаға баспана алып беру мүмкіндігі пайда болады. Мен 6 жастағы баласының шотында 10,3 млн теңгенің басын құраған және ары қарай ақша жинап жатқан ата-ананы білемін. Банкте депозиттегі сомаға жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысын және банк сыйақысын аударып, тиімді қолдауын көрсетіп отыр. Осы екі бонусты қосқанда, салым бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 13,3%-ға дейін барады.

Авторы: Әсел Тұмашқызы

Осы категория бойынша: « Қазақстан Қырғызстанға бензин экспорттайды Әлемде мұнай бағасы 80 долларға жуықтады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы