386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


IFSB бас хатшысы: Қазақстанда исламдық сақтандыру нарығын дамыту қажет

  • 395
  • UPD: 11:49, 26.07.2019

IFSB, яғни Ислам қаржыландыру қызметі кеңесінің Бас хатшысы Белло Лавал Данбатта елімізде исламдық қаржылық қызметтер нарығын дамыту келешегі жөнінде пікір айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның айтуынша, исламдық қаржыландыруды дамыту үшін жергілікті заңнамаларға тиісті өзгерістер енгізу қажет.

Ислам қаржыландыру қызметі кеңесінің Бас хатшысы Белло Лавал Данбаттаның сөзіне қарағанда, «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмысын бастағалы салаға білікті мамандар келе бастаған. Бұл ретте жастар арасындағы қызығушылық жиі байқалады. Сонымен қатар IFSB бас хатшысы Қазақстанда исламдық сақтандыру нарығын дамыту қажеттігін атап өтті.

 

Түркістанда республикалық маңызы бар жолдар жөнделуде

Түркістан облысындағы республикалық маңызы бар жолдар күрделі жөндеуден өтуде. Қазір Келес ауданы арқылы өтетін «Жызақ-Жетісай-Қызыләскер-Абай-Сарыағаш-Жібек жолы» автомобиль жолының 31 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы облыстық филиалының тапсырысымен жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, осы жылдың мамыр айынан бастап мердігер мекеме асфальт төсеуде. Қазан айының соңында пайдалануға берілуі тиіс жолды аталған аудан әкімі Ақментай Есбаев арнайы барып көрді. Ол жауапты тұлғалармен бірге жұмыс барысын бақылап келеді. Қазір жүргізушілер облыстық маңызы бар «Абай – Шардара» айналма жолымен өтуде. Ауданда сондай-ақ Абай ауылындағы ішкі көшелердің басым бөлігін орта жөндеуден өткізу жоспарланған. Әзірше 20-дан астам көшенің сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық қаржы басқармасы тарапынан тиісті қаржы қаралып жатыр.

 

Бәйдібекте ауданындағы егістік көлемі 93 мың гектардан асты

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Бәйдібек ауданына барды. Ол аудандағы бірқатар нысанды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Облыс басшысы аудан басшылығына суармалы жерлердің көлемін ұлғайтып, ет экспортын арттыра түсуді тапсырды. Сондай-ақ шаруаларға қажетті мемлекеттік қолдау мен жер телімдері кедергісіз қолжетімді болуын қадағалауды жүктеді.

Айта кетейік, осы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі Бәйдібек ауданы бойынша 93 мың гектардан асса, облыс көлемінде 823 мың гектар аумаққа егілді. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда, 9800 га артық. Бүгінгі таңда 127 мың 400 га масақты дақылдар жиналып, 19,8 центнерден 252 мың 500 тонна астық жиналған. Егін жинау науқаны әлде де жалғасуда.

 

Әлемдік мұнай бағасы түсті

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай арзандады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Лондондағы ICE Futures биржасында қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың болжамдық құны 1 доллар 8 центке түсіп, 63 доллар 13 центті құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) қыркүйек айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай 89 центке арзандап, бір баррелі 55 доллар 88 центке тең болды.

Қазақстандық қор биржасындағы соңғы сауда-саттық нәтижесі бойынша АҚШ долларының бүгінгі бағамы 384 теңге 80 тиынды құрады. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 385 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы