389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ұшақ билеттері қымбаттады

  • 305
  • UPD: 11:27, 26.09.2019

Биылғы қаңтар мен тамыз аралағында еліміздегі әуе билеттерінің құны 8,4 процентке көтерілді. Мәлімет бойынша қымбатшылық Маңғыстау облысында тіркелді.

Мұнда баға 24,4 процентке өскен. Ал Жамбыл мен Атырау облысында 19 және 16 процентке жоғарылады. Еліміздің мегаполистерінде де әуе билеттері қымбаттады. Мәселен Алматыда 9, Шымкентте 7, Ал Нұр-Сұлтан қаласында баға алты процентке көбейген. Еліміздің индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өкілдерінің мәліметіне қарағанда бағаның жоғарылауына әуе кемелерінің жетіспеуі себеп. Оның үстіне жанармай бағасы да қымбат. Сондықтан үкімет ұшақ санын көбейту үшін әуе компанияларына қаржылай көмек беріп, жанармай бағасын арзандату мақсатында жүйелі жұмыстар атқара бастады. Жоспар бойынша 2023-ші жылға дейін еліміздің жолаушылар ұшағының паркі 15 әуе кемесімен толығады. 

Қазақстанға визасиз келе алатын мемлекеттер қатары артты. Осы жылдың 30-ншы қыркүйегінен бастап, Оңтүстік-Шығыс Азия мен бірқатар араб елдері, сондай-ақ Ватикан, Лихтенштейн, Колумбия сынды 12 елдің халқы осындай мүмкіндікке ие болады. Визасыз жүйе 30 күнге жарамды. Бүгінге дейін елімізде 64 мемлекеттен виза сұралмайтын. Енді олардың саны 76-ға жетті. Еске салайын, Қазақстан төлқұжаттар рейтингінде 69-орында. Ал отандастарымыз әлемнің 75 еліне визасыз бара алады. 

Биылғы сегіз айда Өзбекстанға 4 миллион 300 мың саяхатшы келді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26 процентке көп. Осылайша туристік қызмет саласынан ел қазынасына 854 миллион доллар пайда түсті. Табыс өткен жылмен салыстырғанда 28 процентке артқан. Өзбекстанның  туризмді дамыту комитеті өкілдерінің айтуынша, жыл соңына дейін қонақтар саны 6 жарым миллионға жетуі мүмкін. Елде саяхатшыларға қызмет көрсету сапасы да жақсарып келеді. Мәселен биыл елде 142 жаңа қонақүй іске қосылады. Сондай-ақ мемлекет өңірдің туристік мүмкіндіктерін анықтап, инфрақұрылымына сараптама жүргізетін аудиторлық компаниялармен бірлесе жұмыс істей бастаған. 

Тамыз айында қазақстандықтар шет ел валютасын сатып алуға 292 миллиард теңге жұмсады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16 жарым процентке аз. Тұрғындардың басым бөлігі төл теңгемізді АҚШ долларына айырбастаған. Әсіресе алматылықтар бір ай ішінде 77 миллиард теңгеге АҚШ валютасын сатып алды. Екінші орында Шымкенттіктер 38,3 миллиард. Үштікті 12,8 миллиардпен Атырау түйіндеді. Еуро айырбасы бойынша да Көш басында Алматы тұр. Айырбастау бөлімшелері бір айда 12 мллирд теңгеге Еуро валютасын сатты. Нұр-Сұлтан қаласында 3,7 миллиард ал Шымкентте 1,8 миллиард теңгеге ақша айырбас жасалған. Ал Ресейдің рублі көбінесе Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында сұранысқа ие.

Хабар 24 телеарнасы