389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстаннан шет елдерге 408 млрд теңге аударылды

  • 117
  • UPD: 14:32, 11.10.2019

Биылғы қаңтар мен тамыз аралағында Қазақстаннан шет елдерге 408 миллиард теңге аударылды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 7,4  процентке көп. Ал шет мемлекеттерден Қазақстанға 232 миллиард теңге келген. Өсім 5,4 процент.

Енді қазақстандықтар көбіне қай мемлекетке қаржы жөнелткеніне тоқталайық. Бірінші орында Ресей. Бұл мемлекетке елімізден 134 миллард теңге аударылған. Одан кейін Өзбекстан, үштікті Түркия түйіндейді. Қырғызстан мен Қытай бестікке енеді. Ал Қазақстанға қаржы аударатын елдердің көш басында тағы Ресей тұр. Екінші орында Оңтүстік Корея. Қаңтар мен тамыз аралығында бұл мемлекеттен Қазақстанға 38 миллиардтан астам қаржы жөнелтілген.

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы 2020-шы жылға қарай әлем экономикасына 700 миллирд АҚШ долларындай шығын әкелуі мүмкін. Бұл әлемдік ішкі жалпы өнімнің 0,8 процентіне тең. Мұндай болжамды Халықаралық валюта қорының үйлестіруші директоры Кристина Георгиева мәлімдеді. Оның айтуынша, 2018-ші жылдың қазанынан бері келер жылғы экономикалық өсім болжамы осымен бесінші рет кеміп отыр. Биылдың өзінде әлем елдерінің 90 процентінде даму тежеліп қалды. Бұл соңғы он жыл ішіндегі ең төмен көрсеткіш. Айта кетейік, екі ел арасындағы сауда соғысының басталғанына бір жылдай болды. Осы аралықта тараптар бір-біріне  шамамен 100 миллиард АҚШ долларындай кеден салығын енгізді. Дегенмен бүгінде Қытай мемлекеттік кеңесінің вице-премьері АҚШ-тың сауда өкілі Роберт Лайтхайзер және қаржы министрі Стивен Мнучиндермен келіссөз жүргізіп жатыр. Әзірге ол оң нәтиже берер емес. Оның үстіне АҚШ президенті Дональд Трамп сауда келісіміне қол жеткізу оңай болмайтынын мәлімдеді. 

Біріккен Ұлттар ұйымы қаржылық дағдарысқа тап болды. Бюджетті үнемдеу үшін халықаралық ұйым басшылығы қызметкерлерінің іс-сапарларын азайтты. Тіпті босаған жұмыс орындарына жаңа қызметкер алуды тоқтатып, жоспарланған іс-шараларды кейінге шегерді. Бұл туралы халықаралық ұйымның Бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеді. Оның айтуынша, ұйым қаржысының азаюына оған мүше мемлекеттердің жарнаны уақытылы бермеуі себеп болып отыр. Яғни бүгінге дейін ұйымға кіретін 193 мемлекеттің тек 129-ы ғана тиісті қаржыны аударған. Егер бұлай жалғаса берсе қараша айында ұйым өз қызметкерлерінің еңбек ақысын төлей алмай қалуы мүмкін. Айта кетейік, Біріккен Ұлттар ұйымының бюджеті негізінен мемлекеттер төлейтін мүшелік жарнадан құралады. Ол әр елдің экономикалық жағдайына байланысты есептеледі. 

Қазақстанда автоөндіріс көлемі артып, жалпы сомасы 200 миллиард теңгеге жетті. Оның 170 миллиарды ірі екі кәсіпорынға тиесілі. Биылғы сегіз айда отандық автозауттар 28 мың 600 көлік шығарды. Оның 25 мың алты жүзі жеңіл көлік, бір жарым мыңдайы жүк көліктері. 780-ні автобус. Машина жасайтын зауыттар ай сайын орта есеппен 3 мың алты жүз темір тұлпар шығарған. Егер осы қалыпты сақтаса жыл соңына дейін елімізде 43 мың көлік құрастырылады деген болжам бар.

Айта кетейік, 2018 жылы елімізде 32 мың 300 көлік жасалды. Оның 93 проценттейі жеңіл көліктердің үлесінде.

Хабар 24 телеарнасы