422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде жылыжайлар санын көбейту қолға алынды

  • 874
  • UPD: 16:51, 22.01.2020
Елімізде жылыжайлар санын көбейту қолға алынды forbes.kz

Жыл басынан бері елімізде жылыжайлар санын көбейту қолға алынған, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Қарапайым заттар экономикасы» аясындағы жоба Ұлттық банк, Аграрлық несие корпорациясы және инвестициялар есебінен қаржыландырылады. Жылыжай салуды көздеген шаруаларға арнайы субсидиялар да қарастырылған. Алайда, мамандар оның тиімділігіне күмәндануда. Себеп неде?

Қазақстанның жылыжайлар қауымдастығының өкілдері шаруашылық жылыжайлар тиімсіз бизнес деген пікірде. Қауымдастықтың атқарушы директоры Маржан Қанатованың сөзінше, бұл өте қымбат жоба. Сондықтан субсидияларды қайтаруға көп уақыт кетеді.

Қазақстанда жылыжай кешенінің құрылысына жылдық ставкасы 15% несие беріледі. Оның 10%-і мемлекет есебінен субсидияланады. Осылайша, қарыз алушы жылдық мөлшерлемесі 5% несиені төлейді. Жылыжай кешенінің құрылысына және оны жабдықтауға да арнайы уақыт беріледі. Алайда, Қазақстанның жылыжайлар қауымдастығы өкілдері «шаруашылық жылыжайлар салу тиімсіз» деген пікірде. «Әсіресе, шыны нысандардың құрылысына көп қаржы кетеді», дейді олар. Қауымдастықтың атқарушы директоры Маржан Қанатованың айтуынша, электр энергиясының қымбаттауынан субсидиялар ақталмайды. Ал жеңілдетілген несиені алғанның өзінде, оны қайтаруға ондаған жыл уақыт кетеді. Сондықтан шаруашылық жылыжайлар тиімсіз бизнес. Бұған қарамастан, Қазақстанда саланы дамытуға ден қойылған. Статистика комитетіің хабарлауынша, Республика аумағындағы жылыжайлар 12 мың гектардан астам жерді алып жатыр. Ал «Аграрлық несие корпорациясының» ақпаратына сай қазір елімізде 31 жылыжай кешені жұмыс істеп тұр. Биыл олардың ауқымын кеңейтіп, осындай шаруашылық алаңдарының санын арттыру жоспарланған.

 

ҚазақстанФранция тауар айналымы артады

Қазақстан Францияға ұн, металлургия және химия өнімдері экспортын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Сауда және интеграция министрі Бахыт Сұлтанов мәлімдеді. Ол Парижде Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігі жанындағы мемлекеттік хатшысы Жан-Батист Лемуанмен кездескен. Кездесу барысында тараптар арадағы сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту мәселесін талқылады. Былтыр елімізден Францияға жіберілетін экспорт көлемі артып, тауар айналымы 4 миллиард долларды құраған. Еуропа еліне негізінен шикі мұнай, уран, мыс және балық өнеркәсібі өнімдері экспортталады. Ал Франциядан ұшу аппараттары, дәрі дәрмек және электр трансформаторлар импортталады.

 

Елімізде жергілікті бюджеттердің кірісі 23%-ке өскен

Өткен жылы елімізде жергілікті бюджеттердің кірісі 23%-ке өсіп, 5 триллион теңгеден асты деп хабарлайды finprom.kz. Жергілікті бюджеттердің кірісі негізінен трансферттік түсімдердер есебінен тіркелген. Оның үлесі жалпы кірістің 57%-ін құрайды. Сонымен қатар салықтан және негізгі капиталдан түскен қаржы көлемі де артқан. Өңірлерге жіктесек, өткен жылы ең көп қаржы Түркістан облысының жергілікті бюджетіне түскен. Оның көлемі 683 миллиард теңдеген асады. Сондай-ақ Алматы қаласы, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары бюджеттік қаржысы көп аймақтар қатарында. Ал ең аз түсім болған, кірісі төмен жергілікті бюджеттер Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген.

Қазақстан қор биржасындағы доллар құны 376 теңге 42 тиын. Шетелдік валютаны айырбастау бөлімшелерінде 377 теңгеге сатып алуға болады.

Хабар 24 телеарнасы