377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Коронавирус Қытай экономикасына қалай әсер етті

  • 486
  • UPD: 11:21, 10.02.2020

Биыл жаңажылдық мереке кезінде қытайлықтардың ел ішіндегі қатынасы былтырғыдан 73 процентке төмен болды.

Мұндай мәліметті Қытайдың көлік министрлігі жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпаратқа қарағанда теміржол жолаушыларының саны 67 процентке, тас жолдардағы жүріс 73 процентке, су арқылы байланыс 80 процентке, ал азаматтық авиация қызметін тұтынушылар 57 процентке аз болған. Бұл өз кезегінде елдің туризм саласын тұралатып, қонақ үй мен мейрамханалардың, сауда нүктелерінің табысын азайтты. Оның үстіне жергілікті билік меркеге байланысты жұмысын уақытша тоқтатқан фабрикаларға демалыс мерзімін ұзартуға кеңес берді. Сарапшылардың айтуынша, азаматтардың демалыста болып, табысының азаюы елдегі несие қарыздарының уақытылы төленбеуіне әкеліп соғуы мүмкін. Бұл елдегі экономикалық белсенділікті төмендетіп, Қытай банктерінің активтерінің арзандауына әсер етеді. 

«Астана» халықаралық қаржы орталығының аясында елімізде Еуразиялық зергерлік бұйымдар бюросы құрылмақ.

Бұл туралы Қазақстан зергерлер лигасының өкілдері мәлімдеді. Халықаралық бюроның құрылуы отандық индустрия мен экономиканың дамуына қандай мүмкіндік береді?

Мәліметтерге қарағанда Еуразиялық бюроға тек отандық зергерлер емес, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жұмыс істейтін зергерлік қауымдастықтар да қосылады

АХҚО аясында Еуразиялық зергерлік бұйымдар бюросы құрылады

«Астана» халықаралық қаржы орталығы аясындағы Еуразиялық зергерлік бұйымдар бюросы осы тоқсанның аяғына дейін ашылады. Бұл отандық қолөнер шеберлерінің одан әрі шыңдалып, шет елдермен байланыс орнатуына мол мүмкіндік береді. Себебі соңғы жылдары елімізде әшекей бұйым жасаушылардың кәсібі тұралай бастаған. Мәселен, бүгінде 10 мыңдай адам осы зергерлік салада жүр. Десе де, нақты жұмыс істейтін кәсіпорындар саны 2-3 тен аспайды. Ал дүкен сөрелерінде тұрған бұйымдардың 99 проценті елге контрабандалық жолмен әкелінген. Яғни мұндай затты сатушылар салық алымдарын төлемегендіктен, бағаны арзан ұсынады. Бұл отандық зергерлердің кәсібіне кері әсерін тигізіп, бұл саладан кетуіне әкеліп жатыр. Бүгінде Қазақстандағы зергерлік бұйымдар нарығы 300 миллиард теңге шамасында. Оның ішінде отандық шеберлердің қолынан шыққан бұйымның үлесі 0,5 процент қана. Қалғаны шетелден әкелінген. Әшекей бұйымдар негізінен Ресей, Түркия, Қырғызстан, және Армения елдерінен тасымалданады.

Қайсар Жұмағалиев, Қазақстан зергерлер лигасының төрағасы:

– Алтын мен күміске қосымша құн салығын алып тастау керек. Мұндай бастаманы 2018 жылдан бері көтеріп келеміз. Себебі біз металды нарықтағы бағамен аламыз. Енді оған 12% қосымша құн салығы қосылады. Ол аз десеңіз, бұйымды сатқан кезде жалпы құнының 12% тағы салыққа төлейміз. Ақырында тауардың өзіндік құны 24 процентке көтеріліп кетеді.

Қарапайым заттар экономикасы аясында 15 жоба мақұлданды

Биыл қарапайым заттар экономикасын дамытуға Нұр-Сұлтан қаласының бюджетінен 600 миллиард теңге бөлінді. Оны жүйелі игеру үшін кәсіпкерлерге бағыт бағдар беретін жобалық кеңсе жасақталды. Бүгінге дейін жалпы құны 11 жарым миллиард теңге болатын 15 жоба мақұлданды. 22 миллиард теңге болатын тағы 33 жоба қарастырылып жатыр. 7 жоба банктердің мақұлдауына жіберілді. Қарыз 6 пайыздық жеңілдікпен 10 жылға беріледі. Мемлекеттік бағдарламаға білім беру нысандарын салу, құрылыс материалдарын жасау, мата немесе тамақ өнімдері, жиһаз және тұрмысқа қажетті химиялық заттар шығарумен айналысатын кәсіпкерлер қатыса алады. Бүгінде бағдарлама бойынша екінші деңгейлі 9 банк жұмыс істейді.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының саны артты

Елімізде мемлекеттік-жеменшік әріптестік аясында жасалып жатқан жобалардың қатары көбейді. Өткен жылдың өзінде олардың саны 18 процентке артқан. Яғни былтыр жалпы сомасы 156 миллиард теңге болатын 235 жаңа жобаны жүзеге асыру туралы келісам жасалды. Инвесторлардың көбі өз қаржысын білім беру саласына жұмсаған. Бүгінге дейін құны 77 миллион болатын 380 келісім жасалды. Кәсіпкерлер көбіне мектеп асханасы, және студенттерге жатақхана салуда белсенділік танытты. Бизнесмендерді Денсаулық саласы да бей-жай қалдырмады. Мемлекет пен жеке кәсіпкер жалпы сомасы 55 миллион теңге болатын 143 келісім жасады. Үштікке энергетика мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласы кіреді. Мұнда жалпы сомасы 377 миллион теңге болатын 56 келісім жасалған.

Бұл жолы сұранысы жоғары АИ-92 маркасын назарға алдық. Өңірлердегі меншікті тілшілеріміз жіберген мәліметке сүйене отырып, бағалар картасын әзірледік. Қазақстан бойынша орташа баға – 152 теңге.

Елімізде бензин ең арзан өңір – Батыс Қазақстан облысы. Облыс орталығы Орал қаласында 1 литр жанармай 142 теңгеден басталады. Ал Шымкент пен Ақтөбеде баға 5-6 теңгеге қымбаттау, яғни 148-149 теңгеден саудаланады. Ақмола облысының орталығында Аи-92 маркалы бензиннің литрі үшін 150 теңге бересіз. Түркістандықтар жанармайдың литрі үшін шымкенттіктерге қарағанда 2-3 теңге көптеу төлейді. Десе де, бензинді шығыстықтар қатты бағалайды екен. Өскеменде дәл сол АИ-92 марканың бір литрі үшін 158 теңге төлейді. Елордада да баға Өскеменмен шамалас.

 

Енді валюта бағамына тоқталсақ. Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша АҚШ-тың бір доллары 378 теңге 31 тиынға тең. Ал Ресей рублі – 5 теңге 93 тиын. Еуро 414 теңге 36 тиын деп белгіленген.

Хабар 24 телеарнасы