448,01 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың федералдық қор жүйесі базалық мөлшерлемені төмендетті

  • 267
  • UPD: 14:18, 16.03.2020

Бүгіннен бастап АҚШ-тың федералдық қор жүйесі базалық мөлшерлемені нөлге дейін төмендетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай қадам жаһандық дағдарыстың алдын алу мақсатында қабылданған.

Американың федералдық қор жүйесі базалық мөлшерлемені 3 наурыз күні де төмендеткен болатын. Бүгін тағы да азайту туралы шешім шығарды. Осы арқылы Америка коронавирус пандемиясынан әлем экономикасына әсерін азайтпақ.

АҚШ-тың федералдық қор жүйесі базалық мөлшерлемені 0-0,25%-ке дейін төмендетті. Бұл туралы орталық банктің ресми сайтында жарияланды. Хабарламада нарықтағы тепе-теңдікті ұстау үшін қосымша 700 миллиард доллар бөлінетіні жазылған. Төмендетілген мөлшердегі дәліз әлем экономикасы қайта күшейгенше сақталады. Сондай-ақ федералды қор жүйесі облигацияларды сатып алуды бастады. Олар барлық банктерді бизнес пен үй шаруашылығын несиелеу үшін өтімді активтерін қолдануға шақырды. Жаһандық экономикаға қолдау көрсетуге Еуропа, Канада Швейцария мен Жапония елдерінің банктері де атсалысып жатыр. Олар доллардың әлемдік қаржы институттарына қолжетімді болуы үшін айырбас құнын азайтты.

***

Apple бөлшек сауда дүкендерін жапты

Американың Apple корпорациясы бүкіл әлемдегі бөлшек сауда дүкендерін жапты. Тек Қытай мен Гонконг, Макао, және Тайваньда ғана сауда жалғаса бермек. Мұндай шешім компания қызметкерлерін коронавирус індетінен қорғау мақсатында қабылданған. Apple басшысы Тим Куктың айтуынша, қызметкерлер жұмысқа шықпағанымен барлығының жалақысы сақталады. Бөлшек сауда дүкендері 27 наурызға дейін жабық. Десе де, интернет-магазин арқылы тауарға тапсырсыс беру тежелмейді.

***

Мұнайға сұраныс азаюы мүмкін

Биыл әлемнің мұнайға бір тәуліктегі сұранысы 90 мың баррельге дейін қысқаруы мүмкін. Мұндай болжамды халықаралық энергетика агенттігінің мамандары жасады. Сұрныстың осыншама төмендеуі соңғы он жылдан бері алғаш рет тіркелмек. Десе де, Қазақстан өз жолынан жаңылмайды. Яғни, мұнай өндірісі де экаспорт көлемі де бұрынғы деңгейде қала береді.

Талғат Құрманбаев, ҚР Энергетика министрлігі департамент директорының орынбасары:

- Еуроодақ, Оңтүстік-шығыс Азия, Қытай және АҚШ елдері Қазақстан мұнайын сатып алатын негізгі нарық ретінде қалады. Ал Қытай мен Италияның Қазақстан мұнайының импорттауды азайтуы елдің жалпы экспорт ына кері әсер етпейді. Сондай-ақ Қытайдың қара алтын импортын азайтуы коронавирус емес, Ақтөбе мен Қызылорда облыстарындағы мұнай өндірісінің азаюымен байланысты.

***

Ресейде азық-түлік тауарларына сұраныс артты

Ресейде коронавирусты жұқтырғандар саны алпыстан асып кетті. Осыған байланысты қабылданған шаралар тұрғындар арасында үрей тудырып, макарон, жарма және консервілерге сұраныс артты. Тапсырыстың көптігі соншалық, жеткізіп беруші компаниялар үлгере алмай жатыр. Тіпті күту уақыты 2-3 тәулікке дейін ұзарған. Сондықтан қызмет көрсетуші компаниялар тұрғындарды түсіністік танытып, сабыр сақтауға шақырып жатыр. Кей сөрелерде тауар түрлерінің таусылған.

***

Енді Валюта бағамына тоқталсақ. Ұлттық банк белгілеген ресми бағам бойынша АҚШ-тың бір доллары 405 теңге 46 тиынға тең. Ал Еуро 452 теңге 62 тиын. Ресей рублі 5 теңге 58 тиын деп белгіленген.

Хабар 24 телеарнасы