411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде тоқсан күннен аса кешіктірілген несиелер 2,5 трлн теңгеге жуықтады

  • 189
  • UPD: 10:39, 05.05.2020

Елімізде 90 күннен аса кешіктірілген несиелер 2,5 трлн теңгеге жуықтады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген төтенше жағдай кезінде Мемлекет басшысы екінші деңгейлі банктерге тұтынушыларды 3 ай мерзімге несие төлеуден босатуды сұраған болатын.

Тамыз айында еліміздегі мерзімінен кешіктірілген несиелер үлесі 18 процентке жетеді. Radius Advisory Lab компаниясы осылай дейді. Наурызда жүргізілген сараптамада 3 айдан аса кешіктірілген несиенің үлесі 56 проценттен асқаны белгілі болды. Бұл – 1, 36 трлн теңге. Ал карантиндегі өзгерістер маусымда айқындалады. Осылайша мамандар коронавирус пандемиясы келмей тұрып, несиесін өтемеген азаматтар барын жеткізді. Мысалы, Jysan bank клиенттерінің мерзімінен кешіктірілген қарызы 395 млрд теңгеге жетті. Өткен айда ғана көрсеткіш 79 млрд теңгеге өскен. Жалпы несиесін уақтылы өтемеген қазақстандықтардың берешегі 2,5 трлн теңгеге жуықтады. Ал экономист Мақсат Халықтың айтуынша, дағдарысқа қарсы шара ретінде борышкерлерді үш айға дейін несие төлеуден босату туралы шешім банктер үшін тиімді емес. Оның ойынша, қаржылық ұйымдар форс-мажор жағдайға бірдей жауап бермейді. «Сондықтан, несие шартын мұқият оқып шығыңыз. Қажет болса, қаржыгер мен заңгердің көмегіне жүгінгеніңіз абзал», –  дейді сарапшы.

Мақсат Халық, экономист:

– Кейбір банктер пайызды дұрыс қояды. Осы үш айдың пайызын реалды түрде есептеп береді. Ал мынадай бір бөлімдер бар: егерде инфляция деңгейі жылына 10 пайыз болса, сіздің қарызыңыз қайта қаржыландыруға жіберіледі деген бөлім болады. Ондай пунктілері бар азаматтар қатты зардап шегуі мүмкін. Өйткені, инфляция қатты көтеріліп келе жатыр. Жылдың соңына дейін ҰЭМ 9,11 процент болады деп отыр.

Доллардың дәурені жүре ме?

Наурыз айында қазақстандықтар 178 млрд теңгеге АҚШ валютасын сатып алған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Мамандардың айтуынша, әсіресе Алматы облысында белсенділік басым. Мұндағы сұраныс 60 есе артып, бір айда 94 млн теңгеге жеткен. Тізімді Ақтөбе және Жамбыл облыстары жалғайды. Ел аумағында еуроға деген сұраныс керісінше 7,5 есе азайып кеткен. Мысалы, Қостанай облысындағы көрсеткіш былтырғыға қарағанда 35 есе аз. Бар-жоғы 27 млн теңге жұмсалған. Ал әлемдік ахуалды сараптай келе, қаржы саласының мамандары депозитті Қытай және Швейцария валютасында сақтауға кеңес береді. Әзірге дәурені жүріп тұрған доллар мен төл теңгені теңдей сақтау қажет дейді.

Азық-түлік қымбаттады

Елімізде тауар және қызмет бағасы қымбаттап кетті. Жыл басынан бері инфляция 3,2 процентке жетсе, азық-түлік бағасы 5,5 процентке артқан. Өткен айда жылдық инфляция 6,4 процентті құрады. Сәйкесінше, өндірістік тауарлар 10 процентке қымбаттаған. Сәуірде елордадағы бірқатар тауардың құны артты. Бір келі қант 10 процентке қымбаттап, 230 теңгеден сатылған. Қой еті 8 процентке, жылқы еті 4 процентке өскен. Сүт, жарма өнімдерінің де қымбаттағаны байқалады. Халық жиі тұтынатын пияз, қырыққабат, картоп, қызылша, сәбіздің бағасы 5-10  процентке өсіпті. Бірақ сарапшылар сиыр еті мен жоғары сұрыпты бидай ұнының бағасы алдыңғы айдағыдай қалғанын айтады.

Нарықтағы баға:

Арзан баға Петропавлда тіркелген. Мұндағы өнім бағасы 1950 теңге. Қарағандыда бір келі тартылған сиыр еті  2000 тг-ден басталады. Орал мен Қостанайда 2200 тг. Ақтаудан да өнімді 2200 теңгеге алуға болады. Түркістан да сол бағадан басталады. Алматы 2300 тг болса, Ақтөбеде - 2400 тг, Атырауда 2500 тг, Семей мен Өскеменде де осы баға. АлНұр-Сұлтанда 2700 теңгеден басталады.

 

Мұнай бағасы сәл өсті. Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай бағасы шілдедегі жеткізілімдер бойынша 5,3 процентке өсіп, барреліне 27,84 доллар болды. WTI маркалы қара алтын баррелі 24 доллар болды. Бұл алдыңғы бағадан 4,67 долларға қымбат.

 

 

Хабар 24 телеарнасы