429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Экономист: Қазақстандық кәсіпорындардың 12%-і жұмысшыларын қысқартуы мүмкін

  • 264
  • UPD: 16:11, 23.09.2020

Егер алдағы уақытта коронавирусқа байланысты шектеу шаралары күшейетін болса, елде жұмыссыздық деңгейі одан әрі артуы мүмкін.

Себебі қазірдің өзінде көптеген компаниялар, пайда таппақ түгілі, шығынын зорға жауып отыр. Тіпті кәсібін сақтап қалу үшін қордағы қаржысын жұмсап жатқандар да бар.

Сарапшылардың айтуынша, биыл елде 300 мың кәсіпкер жұмысын тоқтатты. Ал ресми статистика комитеті олардың санын 100 мың деп көрсетті. Қалай болғанда да қысқару байқалады.

Шектеу шаралары жеңілдегеннен кейін елде экономикалық белсенділік артып келеді. Мәселен қызмет көрсету саласының барлық бағытында өсім байқалады. Бірақ еңбек нарығында ахуал жақсармай тұр. Ranking.kz басылымының мәліметіне қарағанда, биыл екінші тоқсанда елдегі жұмыссыздық деңгейі 5%-ке жетті. Сәйкесінше, жұмыспен қамтылғандар 0,7%-ке кеміді. Жалпы төтенше жағдай режимі алынғалы елде 188 мың кәсіпорын қайта іске кірісті. Оларда еңбек ететін 855 мың адам да жұмысына оралды. Десе де, экономист Мақсат Халықтың айтуынша, қазақстандық кәсіпорындардың 12%-і жұмысшыларын қысқартуы мүмкін. KPMG экономикалық зерттеу компаниясының дерегі бойынша пандемияға байланысты елде 300 мың кәсіпкерлік субъекті жұмысын тоқтатқан. Енді шектеу шаралары тағы да енгізілсе, бизнес мүлде тұралап қалуы мүмкін. Бұл әрине, жұмыс орындарының қысқаруына әкеледі.

Елімізде қант өндірісі азайып барады

Дүкен сөрелерінде тұрған шекердің 85%-і шет елден әкелінген. Себебі өзімізде қант шығару көлемі жылдан жылға кеміп жатыр. Energyprom.kz басылымының мәліметіне қарағанда, биыл қаңтар мен тамыз аралығында елде 69 мың тонна құмшекер өндірілді. Былтырғы көрсеткіштен 2,5 еседей аз. 2019 жылы 161 мың тонна өнедірілген еді. Оның өзі 2018 жылғымен салысытырғанда 7,5%-ке аз болған. Республика бойынша қанттың 98%-і Жамбыл және Алматы облыстарында өндіріледі. Ауылшаруашылық министрінің мәліметіне қарағанда, Жамбылда жаңадан тағы бір зауыт салынбақ. Бұған қоса, қант қызылшасын егетін алқапты 20 мың гектардан асыруға ниетті. Бүгінде нарықтағы бағаны тұрақтандыру үшін азық-түлік қорында 8 мың тоннадай қант сақтаулы тұр. Биыл алты айда қазақстандықтар 99,3 миллион АҚШ долларына қант сатып алды. Оның 95%-тейі ТМД елдерінен импортталған. Негізгі серіктес, әрине, Ресей мемлекеті.

Ауылшаруашылық техникасын жасау екі есе артты

Биыл елде ауылшаруашылық машинасын жасау екі есе артты. Нақты сандарды айтайын. 8 айда отандық кәсіпорындар мың 118 трактор мен 736 комбайн құрастырды. Жергілікті кәсіпкерлерді қолдау мақсатында шаруалраға техника жеңілдетілген лизингпен беріліп жатыр. Оның негізгі шарты мынадай. Алғашқы жарна 15%, 7 жылға 7% үстемемен беріледі. 2018 жылы осы бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 3 миллиард теңге, былтыр 3,5 миллиард, ал биыл 6,5 миллиард бөлінген. Алдағы бес жылға жеңілдетілген лизинг бағдарламасы аясында қосымша 13,5 миллиард теңге бөлу қарастырылып жатыр. Бұған қоса, шығынның бір бөлігін мемлекет субсидиялайтыны белгілі. Алдағы уақытты субсидияға бөлінген жалпы соманың 30%-ін шет елден көлік сатып алғандарға беру жоспарланып жатыр.

Қара алтын мен сары алтын арзандады

Әлемдік нарықта қара алтынмен қатар сары алтын да арзандады. Кеше Лондонның қор биржасында мұнай құны төмендегенін айтқан едік. Іле-шала алтын да арзандағаны туралы ақпарат шықты. Мәліметтерге қарағанда, Нью-Йорктегі Comex биржасында қазан айында жеткізілетін алтынның Тройск унциясы 1896 АҚШ долларына бағаланды. Яғни, алтын 12 тамыздан бері алғаш рет 1900 доллардан төмен саудаланды. Алтынмен қатар өзге де құнды металдар және компания акциялары арзандап жатыр. Мәселен, платина 6,5%, ал паллади 4%-ке арзандаған. «Нарықтың төмендеуіне доллардың нығаюы әсер етті», дейді сарапшылар. Енді инвесторлар АҚШ федералды қор жүйесінің басшысы Джерома Пауэлланың мәлімдемесін күтіп отыр. Ол осы аптада Құрама штаттардың экономикасын қолдауға қатысты баяндама жасайды.

Қазақстан 10 елмен әуе қатынасын ашты

Енді санитарлық талаптарды сақтауға дайын әуе компаниялар жолаушы тасымалдай алады. Ал билет бағасы қандай? Біз Нұр-Сұлтаннан осы елдердің ірі қалаларына бір адам бір бағытта, 1 қазан күні эконом-класпен ұшса, билет ақысы қанша екенін есептеп көрдік.

1 қазан күнге Нұр-Сұлтан – Мәскеу бағытындағы ұшақ билетін 62300 теңге шамасында алуға болады. Ал, Ташкент пен Минскіге ең арзан әуе билет 95 мыңнан басталады. Ыстамбұл мен Берлинге 100-110 мың шамасында. Мына тұрған Бішкекке ұшақпен жету Египетке барғаннан да қымбат. Мәселен Каирге 197 мың болса, Нұр-Сұлтан – Бішкек бағыты 200 мың теңге. Қазақстан Оңтүстік Кореямен де әуе қатынасын ашқан еді. Бірақ қатынау қымбат. Нұр-Сұлтаннан Сеулге 1 қазан күні ұшуды жоспарласаңыз әуе билеті үшін 341 мың теңге дайындай беріңіз.

Нарықтағы баға: Құс еті

Елде кей өңірлерінде құс тұмауы таралып, осы саладағы фабрикалар шығынға батып жатқанын білеміз. Сондықтан бүгін нарықтағы баға айындарында тауық етінің құнына шолу жасаймыз.

Қазақстан бойынша тауықтың сүйексіз еті ең арзан өңір Павлодар екен. Әріптестеріміз жіберген ақпаратқа қарағанда, мұнда келісі 690 теңге. Таразда 10 теңгеге қымбат. Ал қостанайлықтар тауықтың төс етін 1000 теңгеден алады. Алматыда 1050, Өскеменде 1100-ден. Орал халқы тауықтың сүйек қосылмаған таза етін 1120 теңгеден алады.

Енді валюта бағамына тоқталсақ. Қазақстан қор биржасында АҚШ-тың бір доллары  423 теңге 41 тиынға тең. Еуро 496 теңге 91 тиын. Ал Ресей рублі 5 теңге 57 тиын деп белгіленген.

Хабар 24 телеарнасы