427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құс тұмауы шетелдік импорттың арту қаупін тудырды

  • 298
  • UPD: 13:22, 25.09.2020

Құс тұмауына байланысты елімізде құс өнімдерінің тапшылығы болмайды. Ал отандық өндірушілер ішкі нарықты қамти алмаса, Еуразиялық Одақ елдерінен тауар импорттау мүмкіндігі бар.

Бұл туралы арнамызға берген сұхбатында «Қазақстанның құс өсірушілер одағының» президенті Руслан Шәріпов хабарлады. Айналымдағы қаржы жоқ, бидай екі есе қымбат. Ал мемлекеттік субсидия көлемі аз. Бұл құс тұмауынан кейін сала мамандарын мазалайтын басты мәселелердің бірі. Үш жыл бұрын құс өсірушілер бидайдың тоннасын 40 мың теңгеге алып отырған. Ал биыл «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» бидайдың тоннасын 80 мың теңге төңірегінде бекітті.

Руслан Шәріповтың айтуынша, құс еті мен жұмыртқаның өзіндік құнының 70 проценті жем-шөпке байланысты. Ал өнімнің бағасын өсіру тиімсіз. Өйткені біздегі баға көтерілсе, ішкі нарықты Ресей тауарлары басып алады.

Айта кетерлігі, ірі құс фабрикалары бұрын бір жұмыртқаға үш теңге субсидия берілген. Биылдан бастап бұл сома екі есе қысқарды. Ал құс етіне бөлінетін субсидия бұрыңғы деңгейдее сақталған.

«Нарықтағы баға» айдары. Бүгін өңірлердегі қанттың құнын шолып өтеміз. Тауар бағасы өңірлік тілшілеріміздің ақпаратына негізделген. 

Қостанайда бір келі қант 218 теңге. Қызылордада аталмыш тауар бағасы 220 теңге. Ал Талдықорғанда қанттың келісі 215 теңгеден басталады. Түркістанда тәтті өнімнің құны 280 теңгеге дейін жетеді. Еліміздің Шығысында қант 250 теңгеден сатылады. Ал Атырауда бір келі қант 320 теңге тұрады.

Нарықтағы баға: 1 кг ҚАНТ

  • Қостанай 218
  • Қызылорда 220
  • Талдықорған 215
  • Түркістан 280
  • Өскемен 250
  • Атырау 320  

Қазақстанның тұрғын үй құрылысына инвестициялар биыл өткен жылға қарағанда 26%-ке өсті. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады. 2020 жылдың сегіз айында саланы қаржыландыру мөлшері 1 трлн теңгеден асты. Инвестициялық көрсеткіштер Шығыс Қазақстан облысына өскен. Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында бұл көрсеткіш 60%-тен асты. Ал Атырау облысында керісінше, көрсеткіштер 56%-ке төмендеген. Негізінен Нұр-Сұлтан және Алматы өңірлеріндегі тұрғын үй құрылысына көптеп қаржы құйылған. Қос қаладағы қаржыландыру көлемі 200 миллиард теңгеден асты. 

Валюта бағамына тоқталайық. Қаржы нарығындағы сауда-саттық нәтижесі бойынша доллар 426 теңге 19 тиын, еуро 496 теңге 26 тиын, рубль 5 теңге 53 тиын тұрды.

Хабар 24 телеарнасы