425.40 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда сұйық май қымбаттауы мүмкін

  • 651
  • UPD: 11:20, 23.10.2020

«Әсіресе, Ресейден импортталатын майдың бағасы өседі», - дейді

Бұған көрші елдегі шикізаттың тоннасы 960 долларға дейін өсуі себеп. Тақырыпты экономика жаңалықтарының шолушысы Ғазиза Мұхамеджанова жалғастырады.

Диктор:

- Ғазиза, импорттық сұйық май ішкі нарықтың қанша пайзын алады?

Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:

- Дүкен сөрелеріндегі сұйық майдың жартысы Қазақстанда жасалса, қалғаны импорттық өнімдер. Сондықтан бағаның өскені бірден байқалады десек болады.

Мамандар сұйық майдың қымбаттауын әлемдік сұраныстың күрт төмендеуімен байланыстырады. Коронавирустың таралуынан карантин кезінде шекаралар жабылып, дүниежүзінде сауда айналымы баяулады. Бұдан бөлек, биыл шикізат көлемі де аз. Бұл Ресейде сұйық май бағасының өсуіне негіз болды. Қазақстанның дәнді және майлы дақылдарды зерттеу бюросының хабарлауынша, Ресей мен Украина әлемдегі ең ірі май өндірушілерге жатады. Бюро басшысы Виктор Аслановтың айтуынша, биыл Украинада күнбағыс алқаптарынан бұрынғыдан аз өнім жиналды. Ал қазақстандық май өндірушілерге келсек, олар ішкі нарықтың тек жартысын қамтамыз етеді. Қалғаны Ресейден импортталады. Сарапшылардың пайымдауынша, Ресейде сұйық май құны 20%-ке өседі. Тізбектей келе, бұл Қазақстандағы майдың қымбаттауына әкеледі. Бірақ бағаның қаншаға өсетіні әлі белгісіз.

***

«Нарықтағы баға» айдары

Бүгін аймақтардағы лимонның бағасын шолып өтеміз.

Қостанайда бір келі лимон 810 теңге. Ақтөбеде аталмыш тауар құны 660 теңге төңірегінде. Нұр-Сұлтан дүкендерінде де лимонның келісі осындай бағамен сатылады. Ақтауда қышқыл жемісті 600 теңгеден алуға болады. Ал Шыментте бұл тауар 550 теңгеден бастап сатылады. Орталық Қазақстанда лимон құны 600 теңге.

***

Елімізде әуе керосині арзандады

Қазақстанда әуе керосині арзандады. Сұраныстың күрт төмендеуінен әуе отынының тоннасы 350-400 долларға дейін түсті. Наурызда баға 600-650 доллар болғанын айта кетейік. Пандемияға байланысты ақпанда Қытаймен әуе қатынасы уақытша тоқтады. Содан әуе керосиніне сұраныс бірден 10%-ке төмендеді. Аталған кезеңде импортталатын жанармай көлемі де азайды. Жалпы керосин өндірісі биылғы тоғыз айда 65%-ке қысқарған. Саладағы жағдай тамыз айында әуе байланысы қайта қосылғанда жандана бастады. Қазір керосиннің тоннасы Атырауда 376 доллар, Павлодарда 381 доллар, Шымкентте 386 долларға дейін жетеді. Мамандардың айтуынша, жанармай нарығы 2021 жылы қалпына келе бастайды.

***

Әлемде 85 млн жұмыс орнын робот алмастырады

Бес жылдан кейін техника адам істейтін жұмыстың жартысына жуығын алмастырады. Дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасында осындай ақпарат айытылды. Сауалнамаға сәйкес жұмыс берушілердің 43% өндірісті автоматизацияландырып, қызметкерлердің санын қысқартуды жөн көреді. Салдарынан 2025 жылға қарай 85 миллион қызмет түрі қысқарып, олардың орнын жаңа технологиялар алмастыруы мүмкін. Бұл экономиканың 15 саласына қатысты. Дегенмен, «роботтардың көбеюі 97 миллион жаңа жұмыс орнының ашылуына сеп болады»  дейді сарапшылар. Автоматтандыру жүйесі деректерді өңдеу, есеп және әкімшілік міндеттерді орындауда қолданбақ. Болашақта әрбір екінші адамға мамандығын өзгертуге немесе кәсіби біліктілігін жетілдіруге тура келеді. Бұл үшін жоғары оқу орындарына барудың қажеті жоқ, тек арнайы ұзақ курстардан өту жеткілікті делінген баяндамада.

***

Сөз соңында, отандық валюта бағамына тоқталайық. Қаржы нарығындағы сауда-саттық нәтижесі бойынша доллар 428 теңге 68 тиын, еуро 506 теңге 71 тиын, рубль 5 теңге 55 тиын.

Хабар 24 телеарнасы