387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде бензин бағасы әлі де өсуі мүмкін

  • 649
  • UPD: 22:01, 02.10.2017

«ҚазМұнайГаз» компаниясының өкілі Нұркен Мырзағалиев импортқа байланысты АИ-92 маркалы жанармай алдағы уақытта 155-157 теңгеден саудалануы мүмкін деді.

Және қазір тапшылықтың реттеліп келе жатқанын, жер-жерлерге қажетті мөлшерде жанар-жағармай жеткізілетінін мәлімдеді. Отандық мұнай өңдеу зауыттарының жөндеу жұмыстарына байланысты және тұтынушылардың күрт өсуіне орай елімізде бензин тапшылығы сезіліп, сату бағасында өзгеріс болғанынан ел хабардар. ҚР Энергетика министрінің орынбасары Әсет Мағауов қыркүйектің он алтысында жөндеуден кейін жұмысын қайта жалғастырған Атырау мұнай өңдеу зауыты каталитикалық керекинг құрылғысын қосқанын айтып, енді зауыттың өндірістік қуаты екі жарым есеге артатындығын алға тартты. Шымкент зауыты изомерлеуді игерді. Бұл да өнімді 1,7 есеге арттыруға мүмкіндік береді. Енді елдегі үш зауыт үш жылда бір рет күрделі жөндеуден өтеді. Демек тапшылық мәселесі шешілуі тиіс.

Әсет Мағауов, ҚР Энергетика министрінің орынбасары:

– Бензинді 194 мың тоннаға артық шығардық. Бірақ соған қарамастан тұтыныс та өсті. 9 айдың ішінде 154 мың тоннаға өсті. Енді жаз айларында Қазақстанға сатып отырған шекарадағы Ресей бензинінің бағасын алсақ, ол 517 доллардан 555 долларға өсті. Яғни жеті пайыздан көп. Одан басқа біз Ресей компанияларымен  келісімшартқа отырғанда баға доллармен бекітіледі. Сол кездегі доллардың құны үш айдың ішінде 312-ден 340 теңгеге дейін өсті. Жалпы айтқанда, он алты пайызға өсіп тұр. Соның бәрі компаниялардың шығынын көбейтіп, жанармай құю бекеттері ары қарай тағы бағаны өсіруге мәжбүр етіп тұр.

Хабар 24 телеарнасы