384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Былтыр елімізде инфляция деңгейі 7 пайыздан асқан

  • 738
  • UPD: 18:41, 04.01.2018

2017 жылы елімізде инфляция деңгейі 7 пайыздан асты.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің сайтында жарияланды. Былтыр 2016 жылмен салыстырғанда тауарлар мен қызметтер 7,4, азық-түлік өнімдері 8,6, азық-түлік емес тауарлар 8,4, ақылы қызметтер 5,1 пайызға қымбаттаған. Әсіресе картоп, бұрыш, пияз, сәбіз бен еттің бағасы өскен. Есесіне қарақұмық жармасы, сарымсақ, қант, қызанақ пен жұмыртқа арзандады. Ал азық-түлік емес тауарлардың ішінде кеңсе тауарлары, автокөлік, шыны мен керамиканың құны көтерілді. Сонымен бірге дизель отыны 32, бензин мен көмір 17,6 пайызға қымбаттады. Бұдан бөлек газдың бағасы 11,4, ыстық су 10,9, жылу 9,9 пайызға артқан.

Хабар 24 телеарнасы