386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сыр өңірінде 5 агроиндустриялды аймақ құрылады

  • 538
  • UPD: 18:16, 19.02.2018

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында 5 агроиндустриялды аймақ құрылады.

Манап, Қандөз, Төменарық, Ақүйік және Қаратөбе ауылдық округтерінде инфрақұрылым мәселелерін шешуге жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп отыр. Жалпы Жаңақорған ауданы облыста кәсіпкерлікті дамыту бойынша көш бастап тұр. Онда шағын және орта бизнестен 3 мың 338 субъект тіркелсе, оның 95 пайызы белсенді жұмыс істейді. Бұл – аймақтағы ең жоғарғы көрсеткіш. Сыр өңірінде биыл «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жарияланды. Осы бағытта бизнес жобаларды қаржыландыруға 32 миллиард теңге жұмсалады.

Азамат Досжанов, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Биыл жыл басында жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілер саны 5,2%-ға өсті. «Атамекен» ҰКП бірлесе отырып, 18 типтік жоспар әзірленді. Қарапайым халыққа қарапайым тілмен жазылған типтік жоспарлар.

Хабар 24 телеарнасы