389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Қазақстанның жаңа нарықта интеграциялануына теңізге шығу мүмкіндігінің жоқтығы кедергі келтіріп отыр

  • 376
  • UPD: 07:35, 16.05.2018
Сарапшы: Қазақстанның жаңа нарықта интеграциялануына теңізге шығу мүмкіндігінің жоқтығы кедергі келтіріп отыр

Еліміздің жаңа нарықта интеграциялануына қандай кедергі бар?

Экономиканың қай бағыты дамуға жол ашпақ? Әлемдегі алдыңғы қатарлы алты банктің бірі BNP Paribas-тың сарапшысы Доминик Менюдің пікірінше, басты кедергі – теңізге шығу мүмкіндігінің жоқтығы. Маманның айтуынша, экономикалық жаһандану заманында әлемдік сұранысқа сай болу керек.

Доминик Меню, BNP Paribas Орталық Азиядағы аға кеңесшісі:

– Теңізге шығу мүмкіндігі жоқ елдерде сауда қатынастарын дамыту қиындық туғызады. Экспорт әлеуетінің артуына да кері әсері бар. Сауданың басым бөлігі теңіз жолдарымен жүзеге асады, себебі арзанға түседі. Жалпы қазіргі таңда Қазақстанның ТМД елдері арасында ең жоғарғы даму көрсеткіште болуы таңғаларлық жағдай. Мұнда алғаш рет 1993 жылы келген едім. Сол күн мен бүгінгіні салыстырсақ, екі түрлі көріністі көреміз.

Хабар 24 телеарнасы