364,44 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана» қаржы орталығының мүмкіндіктері барынша арттырылмақ

  • 272
  • UPD: 22:48, 13.06.2018

«Астана» халықаралық қаржы орталығы болашақта «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасының негізгі тетігіне айналуы мүмкін.

Мәселен, жуырда Аймақтық клирингтік орталықтар ашылады. Қайрат Келімбетовтің айтуынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті шеңберінде жасалған өзге де келісімдер ел экономикасына тың серпін береді. Сондай-ақ «Жібек жолы қорымен» ынтымақтастық меморандумына қол қойылып, аспан асты елінің ірі банктері орталық аумағында өз өкілдіктерін ашуды көздеп отыр. Құнды қағаздар нарығын дамыту бойынша бірқатар шетелдік компанияға жергілікті биржаның аккредитациясы ұсынылады. Бұл өз кезегінде отандық қор нарығы мен ұлттық компанияларды жаңғыртуға, инвестиция көлемін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, «цифрлық экономика» саласына тың технология енгізуге және елдегі жекешелендіру процесін ілгерілетуге мүмкіндік береді.

Қайрат Келімбетов, «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы:

- Қытай үкіметі тарапынан үлкен қолдау болады. Қытай қаржы институттары бізде жұмыс істейді. Жібек жол қоры, Қытайда 40 млрд доллардан астам капитализациясы болып табылады. Сол бізге инвестиция тартып, менің ойымша, «Бір белдеу, бір жол» бастамасын Орта Азияда дамыту үшін осы ұйымдар бізге өте пайдалы болады.

Осы категория бойынша: « Қазақстан қор биржасында доллардың өсу себебін түсіндірді Қостанай облысында құны 146 млрд теңгені құрайтын 21 инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы