374,84 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық Petroleum компаниясы ТМД сыйлығын жеңіп алды

  • 230
  • UPD: 11:58, 20.06.2018

Беларусь астанасында ТМД-ның үздік кәсіпорындары анықталып, салтанатты түрде марапатталды.

Халықаралық сарапшылардың көңілінен шыққан мықтылардың қатарында қазақстандық Petroleum компаниясы да бар. Ол тұтынушыға сапалы өнім ұсыну мен мінсіз қызмет көрсету саласында үздік деп танылды.

Жалпы Тәуелсіз мемлекеттер достастығының сыйлығы ірі 14 кәсіпорынға бұйырды. Petroleum – солардың бірі. Оның Қазақстан нарығында қызмет атқарып жүргеніне 16 жыл болған. Теміржол саласындағы жетекші көлік-логистикалық компания. ТМД-мен қатар Азия, Балтық, Кавказ елдеріне жүк жеткізеді. Өткен жылы компания 14 миллион тонна жүк тасымалдаған.

Сергей Лебедев, ТМД Атқару комитетінің төрағасы:

– Кәсіпорын қолданысында 11 мың вагон-цистерна бар. Осының өзі қызмет көрсету ауқымының кеңдігін аңғартады. Әрине мәселе санда емес, сапада. Компания ұсынған қызметтің сапасы біздің халықаралық сарапшылар комиссиясының жоғары бағасын алды. Олар бұған лайық. Сондықтан сыйлықты қуана-қуана тапсырдым.

Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бұл сыйлықты екі жылда бір береді. Бүгінге дейін ол ұйымға мүше елдердің 130 компаниясына бұйырған. Жеңімпаздар экономикалық кеңестік шешімімен анықталады. Мамандардың айтуынша, сыйлық тапсырудағы басты мақсат – ТМД елдеріндегі кәсіпорындардың бәсекелестік қабілетін арттыру.

Ермұханбет Ертісбаев, Қазақстанның Беларусь Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі:

– ТМД елдерінің ішінде біздің кәсіпорын жеңіп алған бұл сыйлық халықаралық деңгейде мойындалған. Яғни біздің халықаралық нарыққа шыққанымызды растайды.

Petroleum компаниясы 2016 жылы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Алтын сапа» сыйлығын алған. Қазақстанда вагон-цистернаны жуып тазалауға және ағымдық жөндеу жүргізуге арналған ірі үш станция осы кәсіпорынға тиесілі. 2018 жылы олар логистикалық қызмет түрін көбейтіп, жүк тасымалдаудағы мүмкіндіктерін арттыруға ниетті.

Авторы: Талғатбек Әбдіқожаев

Осы категория бойынша: « Шымкенттегі «Оңтүстік» индустриалды аймағына соңғы 10 жылда 3 трлн теңге инвестиция тартылған Түркістанда 13 мың 44 шағын және орта бизнес нысаны тіркелген »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы