368,46 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі артып келеді

  • 161
  • UPD: 16:34, 24.07.2018
Елімізде негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі артып келеді Atameken Business Channel

Жауапты министрліктің мәліметі бойынша, жыл басынан бері бұл көрсеткіш 4 жарым триллион теңгеден асты.

Яғни былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25 пайызға ұлғайды. Өңірлер арасында Атырау облысы көш бастап тұр. Аймақ экономикасына 2 жарым триллион теңге құйылған. Үздіктер қатарында Астана, Алматы, Шымкент қалалары бар. Ал Солтүстік Қазақстан облысы көш соңын түйіндейді. Жалпы жылжымайтын мүлік, құрылыс, көлік, байланыс қызметі және өнеркәсіп салаларының инвестиция құюға қолайлы екені анықталды. Мәселен, 6 айда өңдеу өнеркәсібіне 533 миллиард теңге, ал тұрғын үй құрылысына 514 миллиард теңге бағытталған.

Осы категория бойынша: « Биыл еліміз бен Челябинск облысы арасындағы сауда-саттық артты МЖӘ аясында елімізде электр қуаты 40 пайызға дейін үнемделді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы