365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде Өзбекстан капиталының қатысуымен 360-тан астам компания жұмыс істеп жатыр

  • 181
  • UPD: 15:43, 05.09.2018

Елімізде Өзбекстан капиталының қатысуымен 360-тан астам мекеме жұмыс істеп жатыр. Соңғы бір жыл ішінде олар мемлекеттік бюджетке жарты млрд теңге салық төлеген.

Бұл туралы бүгін Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында Қаржы министрінің орынбасары Қанат Баеділов хабарлады. Оның айтуынша, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы өткен жылы 2 млрд АҚШ долларына жеткен.

Қанат Баеділов, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:

- Осы келісімге өзгерістер енгеннен кейін, тұрақты мекеме құру тәртібі өзгеретін болады. Сондай-ақ екі елдің салық қызметі арасындағы ақпарат алмасу жандана түседі. Бұрын біз осы уақытқа дейін екі елдің арасында тек 2 салықтың түрі бойынша ақпарат алатынбыз, енді біз салықтың барлық түрі бойынша тиісті ақпарат алып, біз өзіміздің салық әкімшілендіруді жасата аламыз. 

Көрші мемлекеттер арасындағы инвестициялық байланыс та қарқын алған. Мәселен, соңғы 10 жыл ішінде өзбекстан 31 млн доллар инвестиция бөлсе, қазақстандық тарап 114 млн доллар қаражат құйған. Айта кетейік, отырыс барысында екі елдің кәсіпкерлеріне қосарланған салық салуды және салықтан жалтаруды болдырмау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі хаттама бекітіліп, Сенат қарауына жолданды.

Осы категория бойынша: « Ұлттық валюта әлсіреді Доллар 375 теңгеге сатыла бастады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы