369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда ірі жобаларды қаржыландырған инвесторлар қамқорлыққа алынды

  • 114
  • UPD: 22:01, 06.09.2018

Қарағандыда инновациялық ірі жобаларды қаржыландырып отырған инвесторлар қамқорлыққа алынды.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті енді бизнесмендердің ісіне бөгет жасап, заңсыздыққа жол берген мемлекеттік мекемелерді аяусыз жазаламақ. Қазірдің өзінде бұл бағытта үш бірдей инвестормен екіжақты меморандумға қол қойылды. Бірақ департамент кәсіпкерлерден де адал жұмыс істеуді талап етпек. Айта кетейік, бұл үш компанияның өңір экономикасына құйып отырған инвестициясы 1 триллион теңгеден асады. 

Наталья Селезнева, Қазақстан-Қытай темір балқыту зауытының директоры:

- Өкінішке орай, бизнес жүргізу барысында көптеген әкімшілік кедергілер кездесіп жатады. Мемлекеттік мекемелердің кейбірі артық құжаттар талап етеді немесе уақытында жасап бермейді. Соның салдарынан жұмысымыз тұралайды. Ал біздің әр күніміз қымбат. Енді келісім аясында осындай заңсыздықтар болып жатса, департамент бізге көмек қолын созатын болды.

Осы категория бойынша: « Доллар 375 теңгеге сатыла бастады Қытайға елімізден азық-түлік экспорты 30% өсті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы