368,28 419.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дамушы елдердің валюта бағамдарына шолу

  • 185
  • UPD: 20:48, 11.09.2018

АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының салдары барлық елге салқынын тигізе бастады.

Қазақстан Ұлттық банкінің мәліметі бойынша бұл жағдай АҚШ доллары бағамының әлемдік нарықта нығаюына әкелді. Бұдан бөлек, доллардың шарықтауына Канада мен АҚШ арасындағы сауда-саттық қатынастары мәселелері бойынша уағдаластықтың жоқтығы және АҚШ халқының жұмыспен қамтылуы жөніндегі экономикалық мәліметтердің жариялануы әсер еткен. Дамушы елдерде болып жатқан жағдай Қазақстан азаматтарының да көңіліне кірбің түсірді. Себебі соңғы деректер бойынша бір аптаның ішінде теңгенің нарықтық бағамы 3,4%-ға әлсіреген.

Өзге де мемлекеттерге шолу жасасақ, Оңтүстік Африка рэнді АҚШ долларына шаққанда 3,7%-ға төмендеген. Мәселені шешу үшін үкімет басшылары құрылымдық реформалар пакетін және экономиканы ынталандыру шараларын әзірлеу туралы мәлімдеді. Көршілес Ресейдің рублі 3,6%-ға әлсіреді. Ал Индонезия рупиясы 0,7%-ға төмендеген.

Осы категория бойынша: « KASE қорытындысы: $1 = 354,12 теңге Акционерлер «Цеснабанк» капиталын 40 млрд теңгеге көбейтпек »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы