366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Цеснабанктен» 450 млрд теңге несие сатып алынады

  • 156
  • UPD: 15:09, 20.09.2018
«Цеснабанктен» 450 млрд теңге несие сатып алынады Atameken Business Channel

«Цеснабанктен» сомасы 450 миллиард теңгені құрайтын несиелер портфелі сатып алынады.

Мұндай шешім отандық шаруаларды қолдау мақсатында қабылданып отыр. Бүгін ел Үкіметі сайтында осындай хабарлама жарияланды. Бұған дейін шетелдік валютамен берілген несиелер енді теңгемен есептелетін болады. Сондай-ақ олардың мерзімі біршама ұзартылады. Нәтижесінде шаруалардың қарызын азайтып, валюта бағамына тәуелділіктен арылу мүмкіндігі туды. Қазір банк акционерлері тарапынан құйылатын қосымша қаржы көлемі анықталып, төлем кестесі құрылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы