366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлттық Банк: Инфляция нысаналы дәлізде тұр

  • 242
  • UPD: 12:27, 27.09.2018
Ұлттық Банк: Инфляция нысаналы дәлізде тұр zakon.kz

«Инфляция нысаналы дәлізде тұр. Ал инфляциялық болжамдар инфляцияның баяулауынан кейін тұрақтамақ», - деп мәлімдеді еліміздің Ұлттық Банк төрағасы  Данияр Ақышев.

Статистика комитетінің дерегінше, 2018 жылғы қаңтар-тамыздағы инфляция 2,9% болған. Өткен жылғы осы кезеңде инфляция 3,9% еді. 

«Жылдық инфляция, яғни 2017 жылғы тамыздан бастап осы жылдың тамызы аралығында 6%-ы құрады. 2018 жылға белгіленген дәліз ортасында, яғни 5-7% болды. Біз инфляцияның 2018 жылы нысаналы дәлізде сақталуын күтеміз», - деді Ұлттық Банк төрағасы.

Ол инфляцияның артуы және дәліз шегінен шығу ықтималдығы 2019 жылға болжанғанын айтты. Ол кезеңге инфляцияның неғұрлым төмен дәлізі - 4-6% деп белгіленген.

«Дәліздің 4%-дық мәніне біртіндеп төмендеуі - Ұлттық Банктің орта мерзімді бағдары. Бұл 3 жыл бұрын белгіленген болатын. Ұлттық Банк өз саясатын болжауды арттыру және оған деген сенімді арттыру үшін орта мерзімді бағдарды қарастырмауды дұрыс деп санайды», - деді Д. Ақышев.

Бас банкир жылдық инфляция деңгейін 2020 жылдан кейін 4% мөлшеріне жеткізуге талпынатынын айтты. 

«Сондықтан Ұлттық Банк инфляция бойынша алға қойылған мақсаттарға жету үшін ақша-кредит саясатының барлық құралдарын пайдаланады. Біздің сауалнамалар халықтың бір жыл бұрын бағаның күтілетін өсімін бағалауы осы жылдың басындағы 7,1%-дан тамыздағы 5,9%-ға дейін төмендегенін көрсетіп отыр», - деді Д. Ақышев.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Хабар 24 телеарнасы