366.86 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Корея ең үздік бизнес бастама үшін 5 мың доллар сыйақы бермек

  • 151
  • UPD: 14:10, 28.09.2018

Ең үздік бизнес-идея үшін 5 мың доллар төленеді.

Осындай сыйақыны Корея қоры мен «Корея – Орталық Азия» ынтымақтастық форумының хатшылығы ұсынып отыр. Сайысқа Корея, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстанның өз кәсібін ашқысы келетін азаматтары қатыса алады. Олар қазанның он екісіне дейін Корея мен Орталық Азия елдері арасында бизнес орнату туралы өз ұсыныстарын хатшылыққа жіберуі керек. Жеңімпазға 5 мың, екінші орын иегеріне 3 мың, ал үшінші орынға екі мың доллар төленеді. Сондай-ақ жүлдегерлерге бизнес жүргізу бойынша жетекші сарапшылар өз кеңесін береді.

Ким Сонг Ин, «Корея Республикасы – Орталық Азия» форум хатшылығының атқарушы директоры:

– Біз Кореяға Орталық Азиядағы әр елден екі қатысушыдан 10 адамды шақырамыз. Үш күн бойы олар өз идеяларын талқылайды. Сайыс қорытындысы қарашаның алтысында «Корея – Орталық Азия» форумында жарияланатын болады.

Хабар 24 телеарнасы