365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысы мұнай өндірісі бойынша көш бастады

  • 179
  • UPD: 22:05, 05.10.2018
Атырау облысы мұнай өндірісі бойынша көш бастады

Еліміздің өңдеу өнеркәсібі ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 5,2 пайызға өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл көрсеткіштің жоғарылауына республикамыздың әрбір аймағы үлес қосып отыр. Мұнай өндірісінің артуына байланысты көш басында Атырау облысы тұр. Екінші орынға Қостанай, ал үшінші орынға Жамбыл облысы табан тіреді. Сондай-ақ Павлодар облысында дизель отыны мен жанармай өндірісі қарқынды дамып жатыр. Шығыс Қазақстан өңірінде жеңіл автокөлік саласының өсімі байқалады.

Әрбір бағытты жеке қарастыратын болсақ, ең үздік нәтиже машина құрастыру саласына тиесілі. Одан кейін электр құралдары мен химиялық өнімдер көрсеткіші жоғары. Соңғы статистикалық деректер бойынша, фармацевтика және табиғи газ өндірісі де айтарлықтай жоғарылаған. Ендігі ретте, бұл бағыттарды дамытуға қосымша қаржы бөлінбек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Поручаю Правительству направить дополнительно 500 миллиардов тенге на поддержку обрабатывающей промышленности и несырьевого экспорта в течение следующих 3 лет. Нацбанку для решения задачи доступного кредитования приоритетных проектов поручаю предоставить долгосрочную тенговую ликвидность в размере не менее 600 миллиардов тенге.Правительству совместно с Нацбанком нужно обеспечить строгий контроль за целевым использованием данных средств. Для реализации крупных, прорывных проектов следует рассмотреть вопрос создания Фонда прямых инвестиций в несырьевой сектор, который будет осуществлять свою деятельность на принципе соинвестирования с иностранными инвесторами.

Хабар 24 телеарнасы