366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің Британиямен сауда айналымы 1 млрд доллардан асты

  • 103
  • UPD: 18:54, 08.10.2018

Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы сауда айналымы 2 процентке өсіп, 1 млрд 300 млн АҚШ долларына жеткен.

Бұл туралы екі ел арасындағы үкіметаралық комиссиясының V отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек хабарлады. Оның айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында айтылған инвестициялық мәселелер кезең-кезеңмен шешімін тауып келеді.

Айта кетейік, бүгінде елімізде 400-ге жуық британдық компания қызмет етеді. Олар негізінен өндірістік, қаржылық, құқықтық және технологиялық салаларды қамтиды.

Хабар 24 телеарнасы