360,86 420.50 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үкімет отандық экспорттаушыларды қолдау шарасын күшейтпек

  • 191
  • UPD: 21:24, 09.10.2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауда тапсырғанындай, Үкімет отандық тауар өндірушілерді қолдаудың жоспарын белгілеуге көшті, деп хабарлайды «Хабар24».

Себебі қазақстандық өнімді экспортқа шығаруда бірқатар мәселе бар көрінеді. Кәсіпкерлерді қолдау шарасына ел қазынасынан 500 млрд теңге бөлінетін болады. Қомақты қаражаттың басым бөлігі экспорттаушыларға қолжетімді несие беруге жұмсалады. Олар кәсіпкерлерге Қазақстанның даму банкі мен Даму қоры арқылы беріледі. Сақтандыру көлемін ұлғайту мақсатында «KazakhExport» акционердік қоғамына қосымша 68 млрд теңге бөлу қарастырылған. Сондай-ақ нарықтық сараптама жүргізу, маркетингтік жарнама, сертификаттау сынды сервистік қолдауға 10 миллиард теңге бөлінеді. Мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етудің жаңа механизмдерді енгізуге қосымша 102 млрд теңге, тасымал шығынын өтеу мақсатында тағы 20 млрд теңге жұмсалады.

Хабар 24 телеарнасы