366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда 3 млн-ға жуық шағын және орта кәсіпорын тіркелген

  • 112
  • UPD: 10:07, 12.10.2018

Шағын және орта бизнес Германия экономикасының дамуына елеулі үлес қосады.

Ел тұрғындарының 60 пайызы осы салада қызмет етіп, мемлекет қазынасын триллиондаған еуроға толтырып жүр. Германияда шамамен 3 млн-ға жуық шағын және орта кәсіпорын тіркелген. Жергілікті билік те көмегін аямай қолдау көрсетіп келеді. Мәселен, өз істерін жаңа бастап жатқан кәсіпкерлер 50 мың еуроға дейін жеңілдетілген несие алуға немесе арзан кеңсе жалдауға мүмкіндіктері бар. Қазақстанда да шағын және орта бизнестің дамуына айрықша қолдау көрсетуде. Сарапшылардың пайымдауынша, кәсіпкерлікті дамыту ел экономикасының негізін қалайды. Германияда стартап жобаларынан басқа отбасылық бизнес кеңінен дамыған. Тіпті кейбір кәсіпорындардың ашылғанына 100 жылдан асып кетті.

Кристиан Гроссе, Берлиндегі шағын және орта бизнес одағының төрағасы: 

- Берлин стартап жобалары бойынша Лондон және Париж қалаларымен бірге көш бастап тұр. Германия билігі бұл салаға ерекше қолдау көрсетеді. Кәсіптерін жаңадан бастағандарға көмек көрсететін түрлі ұйымдар мен арнайы бағдарламалар бар. Жаңғыртылатын энергия да назардан тыс қалмайды.

Хабар 24 телеарнасы