383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанадағы хабта 139 жоба тіркелді

  • 395
  • UPD: 23:41, 06.11.2018
Астанадағы хабта 139 жоба тіркелді

Еліміздің экономикасын күшейтіп, жоғары технологиялық жобаларға қолдау көрсетуді мақсат тұтқан халықаралық ІТ-стартаптарының Астанадағы хабында қазірдің өзінде 139 жоба, 41 инвестор, 1235 қатысушы мен 19 сарапшы тіркелген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар осы алаң арқылы бір-бірімен еркін байланыс орнатып, жобаларды бірлесе жүзеге асыра алады. Сондай-ақ мұнда «100 стартап» бағдарламасы жұмыс істейді. Ол озық ойлы азаматтардың қоғамын құрып, тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді. Өз жобасын дәлелдеп, бағдарламаға тіркелгендер курстар мен түрлі іс-шараларға қатысып, ниеттес орта табады. Тегін жұмыс алаңына қол жеткізеді. Пиар, яғни жарнамалық жағынан қолдау табады. Білікті сарапшылармен кеңесуге мүмкіндік алады.

Хабар 24 телеарнасы