386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның қор биржасы қараша айына жұмыс қорытындысын ұсынады

  • 710
  • UPD: 10:43, 13.12.2018

Қазақстанның қор биржасы үшін қараша айы «корпоративтік облигациялар айы» деп бағаланды.

Бұл туралы қор биржасының басшылығы мәлімдеді. Сарапшылардың айтуынша, бір ғана қараша айында нарыққа бірден 7 ірі және орташа қаржы компаниялары, аграрлы сектор мен ипотекалық нарықтағы компаниялар және басқа да ойыншылар шыққан. Осылайша, өткен айда корпоративтік қарыз көлемі 5 пайызға жетіп, қазір 10 триллион 400 миллиард теңгені құраған. Ал облигациялардың кіріс индексі 22 базалық пунктке артты. «Шетел валютасы нарығында бірқалыпты динамика байқалды», - дейді мамандар. Қараша айында америка долларының ұлттық валютаға шаққандағы бағамы 364-376 теңге аралығында болды. Brent маркасының бағамы қараша айында бірден 22%-ға төмендеуі қор нарығындағы валюта бағамына әсер етпеген.

Андрей Цалюк, қор биржасы басқарма басшысының орынбасары:

Теңгенің рубль динамикасын қайталауын ешкім қолдан жасамайды. Ұлттық банк та, басқа қаржы құрылымы да. Тіпті Ұлттық банк көптен бері нарықта жоқ. Ойыншылар өздері бағалап, мұны өздері рубльмен байланыстырады. Сондықтан біздің нарық барынша шағын, алайда көп жағдайда рубльмен бірдей.

Хабар 24 телеарнасы