389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің Польшамен тауар айналымы артты

  • 429
  • UPD: 12:34, 27.12.2018
Еліміздің Польшамен тауар айналымы артты

Биылғы жылдың 10 айында Қазақстан мен Польша арасындағы тауар айналымы 63  процентке артып, 1 миллиард 700 миллион евроға жетті.

Бұлтуралы Қазақстанның Польшадағы өкілетті елшісі Марғұлан Баймұхан хабарлады. Елші келтірген дерекке сүйенсек, соңғы уақытта тараптар арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Сарапшылардың пікірі де дипломат ойымен сабақтас. Мамандар егер осы іскерлік байланыс жандана түссе жыл соңына дейін екі елдің тауарайналымы 2 миллиард еуроға жетеді дегенді алға тартады. 

Марғұлан Баймұхан, Қазақстанның Польшадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі:

- Экономикада ең ірі көрсеткіш тауар айналымының үлесінде. Бұл сала қарқынды дамып келеді. Қазақстанның Польшаға экспорты 51 процентке өсті. Бұл отандық тауардың Еуропа нарығына шыға бастағанын көрсетеді. Сондай-ақ еліміздің географиялық орналасқан жері де, инвесторларға жасалған жағдай да өте қолайлы.

Хабар 24 телеарнасы