389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі төмендеді

  • 819
  • UPD: 17:05, 29.12.2018
Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі төмендеді

Биыл жартыжылдықтың қорытындысы осындай, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған жыл басынан бері негізгі металл түрлері бағаларының орта есеппен алғанда 9-20% құлдырауы әсер еткен. Ал өнімділікті арттыру үшін салаға жауапты министрлік қазір индустрияландырудың үшінші бесжылдығының тұжырымдамасын әзірлеп жатыр. Енді экспорттық әлеуетті дамытып, еңбек өнімділігін көбейтетін кәсіпорындар ғана барынша мемлекеттік қолдауға ие болады. Ол үшін өндіріс орындары заманауи технологияға негізделіп, цифрландыру элементтерін енгізу керек.

Роман Скляр, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бірінші вице-министрі:

- Индустрияландырудың үшінші бесжылдығына біз жаңа механизмдерді енгізуді көздеп отырмыз. Әрине, бұл шаралар әлі талқыға салынады. Өндірісті автоматтандырып, инудстрия элементтерін енгізген, экологиялық талаптарды сақтаған кәсіпорындарға мемлекет тарапынан қолдау күшейтіледі. Нәтижесінде өңдеуші өнеркәсіп сынды экономика салаларында серпіліс болады деп сенеміз. Бағдарламаның жемісін алдағы уақытта көретін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы