378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атбасардағы таяуда іске қосылған май зауыты экспортқа шығуды көздеп отыр

  • 445
  • UPD: 17:38, 29.12.2018

Ақмола облысының Атбасар ауданында жуырда ғана іске қосылған май зауыты өнім көлемін арттыра бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді біртіндеп сыртқы нарықтарды бағындырмақ.

Өндіріс ошағы Ақан Құрманов ауылының тұсында орналасқан. Жұмысшылар да – осы елді мекеннің тұрғындары. Мәселен, Анар Ибраева бұл жұмысқа тұру үшін арнайы оқу курсынан өткен. Қазір өндіріс процесінің жауапты жерінде еңбек етеді. Жалпы, зауытта 10 шақты адам жұмыспен қамтылған.

Анар Ибраева, оператор:

– Мен біраз уақыт үйде жұмыссыз отырдым. Ауылымызда осындай зауыт ашылғанына қуаныштымыз. Жалақымыз да жақсы. Енді тек тұрақты болса деп тілейміз.

Зауыт жалпы тәулігіне 6 тонна күнбағыс майын өндіре алады. Әзірге бұл көрсеткіш жартылай ғана орындалуда. Есесіне өнім де аудан көлемінде ғана сатылып жатыр. «Алайда сұраныс артып, тапсырыс көбейіп жатса, өндіріс ошағын жобалық қуаттылығына шығаруға қауқарымыз жетеді», - дейді мамандар.

Алмас Жұмашов, зауыт директоры:

– Алдағы жылы экспортқа шығу жоспарымызда бар. Иран, Ирак елдерімен ауызша келісіміміз бар. Сондықтан көп жұмыс жасау керек.

Өндіріс ошағы қалдықсыз өндіріс принципіне негізделген. Мұнда қосымша сұйық сабын шығарылса, күнбағыс дәнінің қалдықтары құс жемі ретінде сатылады. Тіпті шемішкенің қабығы зауыттың өзінде пешке жағатын отын ретінде пайдаланылады екен.

Дамир Берікұлы, damir130788@twitter.com

– Шикізатқа келер болсақ, зауыттағылар одан тапшылық болмайтынын айтады. Себебі дәл осындай шемішкені егетін серіктестіктің өзінің 4 мың гектар алқабы бар. Ал бұл осы зауытты қамтамасыз етуге толығымен жетеді.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Евгений Шинкаренко

Хабар 24 телеарнасы