375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан-Америка қарым-қатынасы қарқын алды

  • 384
  • UPD: 23:35, 20.01.2019

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған соңғы ресми сапарына тура бір жол болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сапар жемісті болып, сонан бері екі ел арасындағы ынтымақтастық одан әрі дами түсті. Стратегиялық серіктестіктің нығайып, қарқын алуына Америка-Қазақстан бизнес қауымдастығының сіңірген еңбегі зор. Бұл ұйымның жұмыс істеп келе жатқанына 20 жылдай уақыт болды. Беделді қауымдастық екі ел кәсіпкерлері арасындағы байланысты кеңейтіп, Қазақстандағы инвестициялық климатты жақсартуға көп көңіл бөлуде. Осы ретте қауымдастықтың атқарушы директоры Сара Никел екіжақты экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға күш сала беретінін айтады.

Сара Никел, Америка-Қазақстан бизнес қауымдастығының директоры: 

- Қазір екіжақты экономикалық ынтымақтастықты дамытуға көптеген бағыт бар. Өткен жылы қазан айында АҚШ-тың сауда министрі Уилбор Росс бастаған делегация еліңізге ресми сапармен барды. Оның құрамында Қазақстанда ешқашан да жұмыс істемеген 16 ірі компанияның өкілдері болды. Жалпы, біз ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және энергетика салаларына басымдық береміз. Бірақ өзге салаларда да байланыс жақсы дамуда. Жемісті серіктестігіміз нығая түсетініне сенімдімін.

Хабар 24 телеарнасы