378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты артады

  • 299
  • UPD: 22:06, 07.02.2019
Қазақстанда ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты артады КТК

Қазақстан жұмыртқа экспортын 1 миллиард данаға жеткізуге ниетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Оған мүмкіндігіміз жетеді», – дейді мамандар.  Былтырдың өзінде отандық құс фабрикалары өндіріс көлемін екі есеге көбейтіп, сыртқа 600 миллион жұмыртқа сатқан. Ресми мәліметтерге қарағанда, өткен жылы қазақстандық шаруалар еттің барлық түрінің экспортын 33 мың тоннадан асырған. Оның 19,9 проценті сиыр еті. Ірі қара саны да 5,5 процентке көбейді. Дегенмен өткен жылы доңыз басы бір жарым пайызға азайған. Сондықтан министрлік бұл саланы да назардан тыс қалдырмаймыз деп отыр.

Арман Евниев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары:

- Бізде үлкен әлеует шошқа шаруашылығында. Олар субсидия сұрап жатқан жоқ. Олар айтады Қытай нарығын ашып берсеңіздер дейді. Сонда субсидияны Қытай нарығынан аламыз деп дайындалып отыр. Ең кем дегенде 10 мың тонна экспортқа шығаруға мүмкіншілік бар. Өздеріңізге мәлім, біздің ішкі нарыққа сұраныс өспейді. Оны сыртқа шығару керек.

Хабар 24 телеарнасы