378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысының шет елдермен тауар айналымы 2 млрд 600 млн долларға жетті

  • 288
  • UPD: 07:34, 08.02.2019
Қостанай облысының шет елдермен тауар айналымы 2 млрд 600 млн долларға жетті

Былтырғы жылдың 11 айында Қостанай облысының шет елдермен тауар айналымы 2 миллиард 600 миллион долларға жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өсім 50 процент шамасында. Тобыл өңірінде өндірілген тауардың басым бөлігі негізінен көрші орналасқан Ресейге жіберіледі. Және соңғы жылдары әсіресе ауылшаруашылық өнімдерінің экспорты еселеп артқандығы байқалады. Мысалы, тауық жұмыртқасы және сүт өнімдерінің көрші елге сатылымы бес есеге дейін өскен. Жалпы экспорт көлемінің жартысына жуығы Еуразиялық одаққа кіретін мемлекеттерге тиесілі.

Мейіржан Мырзалиев, облыс әкімінің орынбасары:

– Еуразиялық одақ аумағында біздің тауарлар өсіп отыр. 2018 бен 2017 жылды салыстырсақ, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 2 пайызға өсті. Жалпы айтқанда, 1 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Соның ішінде 95 пайызы Ресей мемлекетіне жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы