384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испания елімізге инвестиция салуға мүдделі

  • 478
  • UPD: 12:42, 24.03.2019
Испания елімізге инвестиция салуға мүдделі

Испандық инвесторлар Қазақстанның баламалы энергия саласына инвестиция салуға қызығушылық танытып отыр. Бұл бағыттағы жобалар жайлы кәсіпкерлер Мадридте өткен іскерлік кездесу барысында талқылады.

Қазақстандық делегация Испанияның экспорттаушылар клубына мүше 30-ға жуық үздік компаниямен кездесті. Айта кетейік, испандық кәсіпкерлердің баламалы энергия саласында тәжірибесі мол. Сол себепті олар елімізге инвестиция салып қана қоймай, өздерінің ноу-хау жоспарларымен бөліспек. Елімізден барған делегация жиналған қауымға инвестиция салудың шарттарын айтып, Қазақстандағы аукцион жүйесін түсіндірді. Сондай-ақ, мемлекеттің 2050 жылға дейін электр жүйесінің 50 процентін баламалы көздерден алу туралы өршіл мақсатын айта кетті. Жиын барысында ауыл шаруашылығы, логистика және қалдықтарды өңдеу саласында серіктестік орнату жайы да сөз болды.

Айнұр Соспанова, ҚР ЭМ баламалы энергия көздері бойынша департамент директоры:

- Аукционға қатысып, жеңіске жеткен инвесторлар 15-жылдық келісімшартқа ие болады. Яғни 15 жылдық off-take-ті алады деген сөз. Бұл ең мықты халықаралық тәжірибе. Әзірге испандық компаниялар Қазақстан нарығына кірмеді. Дегенмен, бүгінгі кездесуден соң отандық нарыққа Испанияның кәсіпкерлері айтарлықтай қызығушылық танытып отыр.

Антонио Бонет, Испания экпорттаушылар және инвесторлар клубының президенті:

- Қазақстан біз үшін өте маңызды мемлекет. Бұл тек Орталық Азиядағы ең үлкен нарық қана емес, шет елдік бизнес үшін мол мүмкіндік ашатын орта. Сол себепті Қазақстан біздің елдің инвесторларына жақсы алаң дер едім. Дегенмен, кәсіпкерлердің көбісі бұл нарықтан хабарсыз. Сондықтан осындай тұсаукесерлер жиі өткізілуі қажет. Бір-бірімізбен тәжірибе алмасып, маңызды ақпарттармен бөлісетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы