379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктерінің кептелісі пайда болды

  • 84
  • UPD: 23:45, 05.04.2019

Кедендегі ұзын-сонар кезек мәселесі бұған дейін де талай мәрте көтерілген еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұның мәнісі неде? Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Қуат Рахымовтың айтуынша, Қырғызстаннан біздің елге тауар әкелгендер міндетті түрде қосымша құн салығын төлеуі керек. Бірақ ақша үнемдеп, салықтан жалтарғандар түрлі айлаға барады екен. Мысалға, көрші елден Ресейге шыққан, яғни транзиттік тауар шекараға жетпей Қазақстан аумағында қалып қояды. Мұның сыртында тауардың құнын, салмағын жасыру жайттары кездеседі. Бұл да салық төлемеудің немесе оның көлемін азайтудың амалы. Бұл аз десеңіз, көп тауар құжатқа сәйкес келмей жатады. Яғни мөлшері, құны басқа болып шығады. Осыны ескерген құзырлы органдар тексерісті күшейткен. 27 наурыздан 4 сәуірге дейін бекетке мыңан астам автокөлік келген. Соның 114-і кері қайтыпты. Ал құжаты сай көліктер шекарадан 15-20 минуттың ішінде өтеді.

Хабар 24 телеарнасы