384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысындағы құс фабрикасы қаңырап бос тұр

  • 167
  • UPD: 20:10, 17.06.2019
Қостанай облысындағы құс фабрикасы қаңырап бос тұр

Қостанай облысындағы «Комсомол» құс фабрикасы бірнеше жылдан бері қаңырап тұр.

Жобаны жандандыру амалдары әзірге еш нәтижесіз. 2 миллиард 700 млн тенге инвестиция салынған байырғы кәсіпорын көп ұзамай банкротқа ұшыраған. Ал қаржы институты берген қарызын қайтара алмай отыр. Дүние мүлкі талан-таражға түспесін деген ниетпен фабрика есігіне қара құлып салып тастаған. Өткен жылдары бір емес екі инвестордың өндірісті жандандырсақ деген жоспары болған еді. Бірақ кейін ойларынан айнып қалған. Қазір жергілікті тағы бір кәсіпкер жобаны қолға алсам деген ниет білдіріп отыр.

Нұржан Өтегенов,Қарабалық ауданының әкімі:

- Бүгінгі күні мынау бізде, біздің облысымыздың бір ірі кәсіпкері, әзірге атын атамайын, сол кісі қолға алу жұмысын жасап, бүгінгі таңда қаржы институттарымен бірігіп, және облыс әкімдігімен, Қарабалық аудандық әкімдігімен біріккен жоспар құрып жатыр. Егер ойы іске асса, осы бір жылдың аяғына дейін ол кісі кіруі тиіс инвестор ретінде.

Хабар 24 телеарнасы