384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбек кәсіпкерлері еліміздегі халықаралық биржаға сенім білдірді

  • 182
  • UPD: 08:54, 19.06.2019

Астана халықаралық биржасына Өзбекстандық кәсіпкерлер де сенім білдіріп отыр.

Көршілер біздің ұйым арқылы өздерінің құнды қағаздарын нарыққа шығармақ. Бұл туралы Ташкентте өткен Орталық Азия, Моңғолия, Кавказ және Ауғанстан елдерінің алтыншы өңірлік форумында айтылды. Іс-шараға жалпы әлемнің 20-дан астам елінен 300-ге жуық өкіл қатысты. Жиында өңіраралық сауда, көлік және транзит мәселесі мен инвеститция  тарту жайы талқыланды.

Фархад Талипов, «Білім керуені» мемлекеттік емес ғылыми  мекеме  басшысы:

- Мұндай форумдар соның ішінде әсіресе осы «КАМКА»-ның ауқымы өте кең. Мұнда экономикалық сауда-саттықпен қатар инвеститциялық мәселелерден бөлек білім мен ғылым, мәдениет пен саясаттағы өзекті  мәселелер талқыланады. Соныдақтан бұндай кең ауқымды мәслелерді ортаға салып қарау форумға қатысушыларды қатты қызықтырары сөзсіз.

Тимур Авушкин, Астана халықаралық биржа орталығының өкілі:

- Бүгінгі күні біз бес бірдей Өзбекстандық мекемемен келісім жүргізіп жатырмыз. Біріншіден біздің инфрақұрылым мен  заңды саламызға сенім артып отыр. Сонымен бірге біз арқылы сенімді нвесторлар аудиториясына шығуға мүдделі.

Хабар 24 телеарнасы