384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Made in Kazakhstan. Қазақстандық алма өнімдері халықаралық нарыққа шықты

  • 183
Made in Kazakhstan. Қазақстандық алма өнімдері халықаралық нарыққа шықты

Қазақстандық экологиялық таза өнім Сеулде паш етілді.

Оңтүстік Корея астанасында халықаралық тағамдар көрмесі өтті. Шараға жетпіс сегіз мемлекеттен келген компаниялар қатысты. Қазақстан делегациясын Алматы облысының өндірушісі басқарды. Ол оңтүстіккореялықтарды алмадан жасалған табиғи шырындар, джем және пастиламен таныстырды. Қазақстандық өнімінің ерекшелігі – экологиялық таза аумақта өсірілуі. Алма бағы Еңбекшіқазақ ауданында теңіз деңгейінен бір мың екі жүз метр биіктікте орналасқан. Биыл компания экспортқа сегіз жарым миллион литр шырынды жібереді. «Made in Kazakhstan» жазуы бар тауарлар Ресей, Польша, Германия және Азия елдеріне жеткізіледі.

Егор Хахулин, компания өкілі:

– Биыл біз Оңтүстік Шығыс Азия нарығында алғашқы қадам жасап отырмыз. Катар, Сингапур, Малайзия, Эмираттар, және Кытаймен келісімшарт жасадық. Логистика жағынан қиындықтар болса да, өнімімізге қызығышулық үлкен. Өйткені біз экологиялық таза тауарларды жасаймыз, оны дәлелдейтін арнайы сертификаттарымыз бар.

Хабар 24 телеарнасы