386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Неміс кәсіпкерлері Қазақстанға инвестиция құюға әзір

  • 227
Неміс кәсіпкерлері Қазақстанға инвестиция құюға әзір

Германияның ірі концерндері ғана емес, шағын және орта кәсіпорындары да Қазақстанмен іскерлік байланыс орнатуға мүдделі.

Оларды еліміздегі саяси тұрақтылықпен қатар инвестициялық климат да қызықтырады. Мұндай пікірді Германия экономикасы Шығыс комитетінің аймақтық директоры Эдуард Кинсбрунер білдірді. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанға инвестиция тарту басты міндеттердің бірі деп атауы өте маңызды екенін айтады. Бұл мемлекетке қаржымен қатар озық технологияларды да алуға мүмкіндік береді, дейді ол.

Эдуард Кинсбрунер, Германия экономикасы шығыс комитетінің аймақтық директоры:

– Инвестиция елдің экономикасын дамыту үшін өте маңызды мәселе болып табылады. Инвесторлардың келуімен жаңа жұмыс орындары пайда болады. Сонымен қатар озық технологиялар трансфері жүреді. Жалпы Қазақстандағы инвестициялық климат өте қолайлы деп санаймын. Бірақ оны әрдайым жетілдіріп отыру қажет.

Хабар 24 телеарнасы